6.3 ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ
("Жаңылтпаштар" кітабынан).
Жұмбақтарды шешіңіздер.("Жұмбақтар" кітабынан).
Берілген ситуациялар бойынша әңгіме немесе сұхбат құрастырыңыз.
Халық жорамалын білесіз бе?
Қатты суық боларда құстар кешке қарай басқа уақыттағыдан гөрі ұзақ тамақтанады.Айлар:
♫ Ән үйренейік.
Қаздар қайтқанда
Әнін жазған: Т.Базарбаев
Сөзін жазған: Т.Молдағалиев
Көк жүзінде барады қаздар қайтып,
Күндер солай өтеді шалқып-шалқып.
Сағыныш қой,
Сағыныш қой,
Сары ала жапырақтар,
Жақсылықтың жолында,
Жатқан балқып.
Ақ қайыңдар қалады дір-дір етіп,
Жанымызды бір кезде күлдіретін.
Жазғы бақта,
Жазғы бақта.
Саулайды жапырақтар,
Өз өмірін соңғы рет,
Бір жыр етіп.
Жайнап тұрған кешегі күн ескіріп,
Қара суық хабары тұр естіліп.
Қаздар ұшып,
Қаздар ұшып,
Барады оралмайтын,
Қанатына
Көктемді ілестіріп.
Ағайындылар
Ерте, ерте, ертеде Ғасыр деген кісі өмір сүріпті. Ғасырдың Жыл деген жалғыз ұлы болыпты. Ғасыр жалғыз ұлын ерте үйлендіріпті. Көп ұзамай жыл төрт ұл сүйіпті. Төртеуі қатар өсіп бірге ер жетіпті. Бірге туып, бірге өссе де, олардың мінездері әр түрлі екен. Тұңғыш баласы Қыс - өте қатыгез, ашушаң екен. Ал көктем сүйкімді, еңбексүйгіш, ақкөңіл болса, Жаз да еңбекқор, берекелі жан болса керек. Бір күні Қыстың қатыгез мінезін жақтырмаған ағайынды үшеуі: "Сен әркімге мінезіңді көрсетіп, әлің жеткенді ренжітпей жүр" — деп оған ақыл айтады. Қыс, әрине, бұл сөзге өкпелеп, кетіп қалады. Үш ағайынды жігіт Қысты дәл осылайша ренжіп қалар деп ойламаған екен. Енді олар ағаларын іздеуге бел буады. Ең алдымен Көктем жолға шығады. Ол да кері оралмайды. Енді Жаз кетеді. Ол да ағаларын таппайды. Күз де оларды таба алмайды. Содан бері қанша уақыт өтсе де, олар бірін-бірі күні бүгінге дейін іздеумен жүрген көрінеді