«Бос уақытты дұрыс өткізу ақшаға байланысты» дегенге қосыласыз ба? Қосылсаңыз, неге бұлай деп ойлайсыз, қосылмасаңыз, оның себебін түсіндіріңіз. ☺
Сөйлеу үлгілері:Бос уақытты дұрыс өткізу ақшаға байланысты емес, өйткені ... ... .
Бос уақытты дұрыс өткізу ақшаға байланысты, себебі ... ... ... .
Егер ақшаға қарасаң, ... .
... серуендеу үшін ... .
Менің ойымша, ... .
Төмендегі сөздерді және сөйлеу үлгілерін пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз. Бос уақыт,кинотеатр, мұражай, саябақ, сурет көрмесі, дүкен, базар, орталық мәдениет үйі, "Жас қанат" сайысы, концерт, қонақ, "Восток" стадионы, "Көгілдір бұғаз", серуендеу, ұнайды, достар, ата-ана, туыс, табиғат, жақсы көремін, жек көремін, ойлану.
☺
Сөйлеу үлгілері:- Қазір уақыт қанша?
- Қазір түс кезі.
- Сағат неше?
- Тура екі.
- Кинотеатрға сағат нешеде барамыз?
- Сағат жеті жарымда.
- Кино нешеде басталады?
- Кино тура сегізде басталады.
- Кино нешеде аяқталады?
- Сағат тоғыз жарымда.
- Кино басталғанға дейін неше минут қалды?
- Әлі он бес минут бар.
* * *
- Толқын, бүгін сабақ жоқ па, не істеп жүрсің?
- Бүгін бізде сабақ, жок, сондықтан қыдырып жүрмін.
- Жамбыл драма театрында "Келіндер көтерілісі" атты қойылым жүріп жатыр, жүр барайық.
- Барайық, менің де қолым бос.
Сіздің досыңыз бос уақытын дұрыс пайдалана алмайды. Қандай кеңес бересіз? Мақал - мәтелдерді жаттап алыңыз.Әр адам өз заманының баласы.
*
Кешегі күннен алыс жоқ,
Ертеңгі күннен жақын жоқ.
("Қазақтың мақал-мәтелдері" кітабынан).
Жаңылтпаш жаттайық! Бір қыз кесте тікті,
Кестесін түсте тікті,
Кеште тікті.
("Жаңылтпаштар" кітабынан).
Мәтінді оқыңыз, ат қойыңыз. * * *
Мен таңертең сағат жетіде тұрамын. Жуынып, жетіден он бес минут кеткенде таңертеңгі тамағымды ішемін. Үйден жеті жарымда шығамын. Сағат сегізден екіге дейін сабақта боламын. Түскі тамағымды екі жарымда ішемін, жарты сағат демаламын. Сағат үш жарымнан кешкі алтыға дейін оқу залында отырып, сабаққа әзірленемін. Кешкі тамағымды сағат жетіде ішемін. Содан кейін үй жұмысымен айналысамын, теледидар көремін, кітап оқимын. Сағат он бірде жатамын.
1-
тапсырма. Жолдасыңызбен жұмыс күні туралы сұхбаттасыңыз. 2-
тапсырма. Келесі аптада атқаратын жұмысыңызды жоспарлаңыз.Үлгі: