Дүкен туралы сөйлесейік.
Тағамдар сататын дүкенді қалай атайды?
Дүкен тек қана бір тағамның атымен аталуы мүмкін бе?
1-тапсырма. Сөздіктің көмегімен азық-түлік атауларын толықтырыңыз.
Сүт сататын бөлімінде: сүт, айран, ... ,..., ... сатылады.
Ет бөлімінде: сиыр еті, ... , ..., ...сатылады.
Балық бөлімінде: жаңа әкелінген балық, ..., ..., ..., сатылады.
Бакалей бөлімінде: күріш, бұршақ, ... , ..., ..., сатылады.
Кондитер бөлімінде: кәмпит, торт, вафли, ..., ..., ... сатылады.
Нан бөлімінде: қара нан, қалаш ..., ...., ...., сатылады.
Көкөніс-жеміс жидек бөлімінде: алма, алмұрт, қызылша, ..., ..., ..., сатылады.
Суреттегі көкөністерден қандай тағам дайындауға болады?
Мәтіннің мазмұнын қазақ тілінде айтып беріңіз.Подсолнухи
У Айши было два сына: Назар и Ахмет. Айша дала им семечки подсолнуха и велела посадить. Назар крупные семечки погрыз, а мелкие посадил. Ахмет крупные семечки посадил, а мелкие погрыз. Пришла осень. У Назара выросли плохие подсолнухи. У Ахмета выросли хорошие. Посмотрела Айша на подсолнухи и сказала: «Что посеешь, то и пожнешь».
♫ Ән үйренейік
Қазақы дастархан
Әнін жазған: М.Ілиясов
Сөзін жазған: Ж.Боранбаев
Бүгінгі ел ішінде,
Дәстүрді жалғастырған.
Татулық белгісі ме?
Жағалай малдас құрған.
Қайырмасы:
Ей, менің асқар тауым –
Қазақы дастарханым.
Өзіңсің бақ-берекем,
Ақ қайнар бастауларым.
Анаға ақ пейілді,
Иілсе келін балаң.
Ықылас ізет етсең,
Сыйластық елін табам.
Қайырмасы:
Дәм татар талай ғасыр,
Ұрпақтар абай болсын.
Кірлетпей таза ұстасын,
Халықтың шарайнасын.
Қайырмасы:
Төмендегі жағдаяттар бойынша сұхбат құрастырыңыз. Сізге сүт тағамдарын сатып алу керек. Сатушы екеуіңіздің араңызда қандай әңгіме болуы мүмкін?
Сіздің сүйікті тосабыңыз, оны дайындау тәсілі жөнінде құрбыңызбен сұхбаттасыңыз.
Көршіңіз базарға барады, сіздің уақытыңыз жоқ. «Күзгі салатқа» керекті көкөніс-жемістерді әкеліп беруін өтініңіз.
Күзгі салаттың құрамы:
0,5 кг пияз, 1 кг сәбіз
1 кг бұрыш
2 кг қызанақ
0,5 кг қызылша
1 кг қияр
100 гр.аскөк
1 қырыққабат
Ойын. «Тізбектен шығып қалма» Мысалы: Астық-қызылша-алмұрт-тұз-з…
Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтыңыз.Алматы апорты
Алматы апортының өзіндік тарихы бар. Өткен ғасырдың орта шамасында Алматыға Орал уезінен Редько деген орыс шаруасы көшіп келеді. Ол ат арбасымен Алматыға бір жыл жүріп жеткен екен. Ол Оралда апорт алмасын өсірген. Соның бір бұтағын құмыраға отырғызып, баптап, күтіп, ала келеді де, оны Алматы жеріне отырғызады. Әлгі бұтақ аз жыл ішінде үлкен алма ағашына айналып, жеміс береді. Бір ғажабы жаңа қонысында бұл апорт көлемі мен дәмі жағынан өзінің ата мекеніндегі күйінен асып түседі.
Сөйтіп, ойда жоқта апорттың жаңа сорты пайда болып, көбейтіледі. Жер шарында Алматыдан басқа жерде мұндай апорт түрі өспейді.
Көкөніс, жеміс, жидектердің шығу тарихы туралы не білесіз? Әңгімелеңіз.*
Жаңылтпаштар жаттайық!Қызым, жүзім же,
Жүзімді үзіп же.
(«Жаңылтпаштар» кітабынан).
Тапсырма 2. Жазылған жеміс-жидек, көкөністердің қайсысынан тосап, компот жасайды, қайсысын тұздайды? Бөліп жазыңыз. Тосап
--------
-------
-------
-------
алма
қарақат
қырыққабат
қарбыз
3-тапсырма. Сізге көкөніс, жеміс-жидек алу керек. Бірақ, базарда баға өте қымбат. Саудагермен саудаласыңыз. Бар, май шайқа,
Байқа, жай шайқа.