4.3 САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ. ДӘРІГЕРДЕ

1-тапсырма. Берілген сөздермен және сөз тіркесімен сөйлем құрастырыңыз.
Жөтелу, емхана, баспа, тексеру, тыңдау, қызу, қан қысымы.
Мысалы: Мен дәрігердің қабылдауында болдым. Самал баспа ауруымен ауырып жатыр.
2-тапсырма.Сөйлем құрастырыңыз.



Дәрігер




3-тапсырма. Қай дәрігерге бару керек?
  • Көзің ауырса, ... .
  • Ішің, асқазаның, бауырың ауырса, ... .
  • Құлағың, тамағың ауырса, ... .
  • Аяғың ауырса, сынса, ... .
  • Денеңе жара шықса, ... .
  • Тісің қақсаса, ... .
  • Бүйрегің ауырса, ... .
Керекті сөздер: тіс дәрігеріне қарал; тері ауруларын қарайтын дәрігерге көрін; бүйрек ауруларын емдейтін дәрігерге көрін; тамақ, мұрын емдеуші дәрігерге қарал; іш құрылысын емдеуші дәрігерге қарал; көз дәрігеріне қарал; оташыға (хирургке) қарал.
4-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
Тісті .....
Бетті.....
Шашты... .не істеу керек?
Қолды....
Керекті сөздер: жуу, тазалау, тарау, сүрту.
5-тапсырма.Қазақ тіліне аударып, 5 сөйлем кұрастырыңыз.
Внезапно заболел, приехала скорая помощь, нужно сделать операцию, простудился, купил лекарство, лежал в больнице, не волнуйтесь, записался на прием, измерил давление, я выздоровел.
6-тапсырма. Антонимдердің қатарын толықтырыңыз.
Мысалы: ауру - сау
ашу -___________ отыру -____________ жылы-___________ бару -____________
кіру -___________ шешіну -___________ желді -____________ ұшу -___________

 

 

Оқыңыз, қызық!

Әлі күнге дейін қариялар алыстан келген ер азаматпен «он екі мүшең сау ма? Он екі мүшең сау болса, бәрі де болады!» - деп амандасып жатады. Осы сөйлемдегі он екі мүше адамның дене бітіміне байланысты айтылған. Ел ішінде қария кісілердің айтуынша, он екі мүше мыналар: бас, омыртқа, жілік (2), жауырын (2), тоқпан жілік (2), асықты жілік (2), кәрі жілік (2).
Он екі мүше туралы халық жұмбағы да бар:
Дүниеде бір ағаш бар түбі жуан,
Он екі ұл, алпыс екі қыз бір күн туған.
Мұндағы 12 ұл - он екі мүше, 62 қыз - алпыс екі тамыр, ал ағаш -адам.

("Жалын" журналынан).

Жағдаяттар бойынша сұхбат құрастырыңыз.
  • Баспамен ауырып, 3 күн сабақта болған жоқсыз. Дәрігерден анықтама сұраңыз.  
  • Сіздің жолдасыңыз ауырып қалды.Дәрігер шақыртыңыз.
1-тапсырма. Тиіс, керек, қажет деген сөздерді қолданып, сөйлем құрастырыңыз.
Мысалы: Тісіңізді жұлып тастау керек.
Сіздің қаныңызды тексеру қажет.
Сізге шипажайға жолдама алу керек.

Жұмбақ шешейік
Кішкене ғана тостаған,
Жер дүние бастаған.
(....................................)

("Жұмбақтар " кітабынан).

2-тапсырма. Дұрыс сөйлем құрастырыңыз.
  • Жөтелді, түнімен, ол.
  • Тиген, суық, өкпесіне, Серіктің.
  • Күнде, ыстық, жеген, көп, балмұздақты.
  • Байлап, алған, жағын, Самат.
  • Қызуы, денесінің, оның, көтерілді.
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңыз.
- Сәлеметсіз бе, Сәкен? Кәрімді көрген жоқсыз ба?
- Ол .... .
- Қай жері... ?
- ... ауырады.
Қажетті сөздер: ауырып жатыр, құлағы, ауырады.
Сөйлеу үлгісі:
- Сәлеметсіз бе! Дәрігер қабылдай ма?
- Қай дәрігер?
- Тамақ, мұрын емдеуші дәрігер.
- Түскі сағат 1-ге дейін қабылдайды.
- Аты-жөнің кім? Мекенжайың қандай?
- Аты-жөнім Айдын Бақытбекұлы. Мекенжайым: Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 15-үй, 5-пәтер.
- Лор он бесінші бөлмеде қабылдайды. Сонда бар.
- Рақмет.
4-тапсырма. Тіркеушіден лор, терапевт, окулист қай уақытта қабылдайтынын сұрап біліңіз.
Сөйлеу үлгілері:

Дәрігерде

- Рұқсат па? Сәлеметсіз бе?
- Рұқсат. Отыр, аты-жөнің кім?
- Аты-жөнім Төлеген Саматұлы.
- Қай жерің ауырады?
- Тісім ауырады.
- Қашаннан бері?
- Кешеден бері.
- Аузыңды аш, көрейін. Тісіңді емдеу керек. Рентгенге жолдама жазып берейін, тістің түбірі сау ма соны көрейік. Сонан кейін емдейміз.

* * *

- Рентгеннің корытындысын әкелдім.
- Отырыңыз. Қазір көреміз. Тістің түбірі сау. Сондықтан емдейміз.
- Неше күн емдейсіз?
- Бір апта. Күнде таңертең сағат 8-ден 11-ге дейін келесіз.
- Жарайды.Сау болыңыз!
5-тапсырма. Үлгі бойынша "Тіс дәрігерінде" тақырыбына сұхбат құрастырыңыз.

Мәтінді мәнерлеп оқып, қысқаша мазмұнын айтыңыз.

Денсаулық – зор байлық

Денсаулық - адам баласына табиғат сыйлаған ең басты байлық. Денсаулықты сақтаудың бірден-бір дұрыс жолы - зиянды жат қылықтарға үйренбей, салауатты өмір сүру, аурудың айықпас сырқатқа айналуына жол бермеу. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлде қайда тиімдірек.Салауатты өмір- денсаулық кепілі. Салауатты деген сездің негізгі мағынасы - парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді. Өмір салты дегеніміз - әрбір жеке адамнан бастап, бүкіл қоғамның қалай еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос уақытында қалай демалатыны, қысқасы, олардың қалыптасқан өмір тіршілігі. Сау кезімізде теңдесі жоқ табиғат сыйы денсаулықтың бағасы мен қадірін білмейтініміз өкінішті-ақ! Табиғаттың бірлігін, жаратылыстың жасампаздығын, тіршілік заңын тану -жоғарғы сана. Сондықтан жерден - нәр, ауадан - дауа, судан - күш іздейміз.
Салауатты өмір салты дегенді сіз қалай түсінесіз?
Мақал – мәтелдерді жаттап алыңыз.

Тазалық – саулық негізі,

Саулық – байлық негізі.

***

Аурудың жақсысы жоқ,

Дәрінің тәттісі жоқ.

***

Көзің ауырса қолыңды тый,

Ішің ауырса тамағыңды тый.

***

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.

("Қазақтың мақал-мәтелдері" кітабынан).

Ø "Денсаулық - зор байлық" тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.

Алюминий алыбы

жазады
өлшейді
тексереді
қарайды
тыңдайды
жұлады
Бірі үлкен, бірі кіші,
Туысқан бірге бес кісі.
(.........................................)
жүректі
өкпені
қызуды
тамақты
тісті
анықтама
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website