4.2 МЕНІҢ ҚҰРБЫМ / ӘРІПТЕСІМ

Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, мазмұнын әңгімелеп айтыңыз.
Менің балалық шақтан бірге өскен құрбым бар. Оның аты Қаламқас. Ол 1980 жылы Павлодар облысы, Тереңкөл ауданында дүниеге келген. Павлодар мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген. Қазір мамандығы бойынша мектепте сабақ береді. Ол өз ісінің шебері, сондықтан оны шәкірттері де, әріптестері де өте сыйлайды. Қаламқас - сұңғақ бойлы, талдырмаш келген өте сүйкімді қыз. Ол қой көзді, қиғаш қасты, қыр мұрынды, жазық маңдайлы, әдемі аққұба. Қаламқастың қолаң қара шашы өзіне жарасып тұр. Ол әдемі, үлкен көздерін төңкеріп, маржандай аппақ тістерін көрсете күле қарағанда ақшыл жүзінде қызғылтым рең пайда болады. Қаламқастың мінезі байсалды, ұстамды. Ол - мейірімді, өз ісіне жауапты, адал және іскер адам.
1-тапсырма. Мына сөздердің антонимдерін табыңыз. Досыңызға тән қасиеттерді белгілеңіз.
көңілді
мейірімді
қабілетті
2-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз, сөйлем құрастырыңыз.
Қол, қолтаңба, қол соғу, қол қою, қол алысу, қолөнер, қолғап, қол бұлғау, көзқарас, көз ілмеу.
3-тапсырма. Өзіңіздің әріптесіңіз (құрбыңыз) туралы әңгімелеңіз.
Мақал-мәтелдерді оқыңыз, мазмұнын түсіндіріңіз. Орысша баламасын табыңыз.

Дос сыртыңнан мақтар,

Дұшпан көзіңе мақтар.

***

Дос жылатып айтады.

Дұшпан күлдіріп айтады.

***

Жақсымен дос болсаң,

Жетерсің мұратқа.

Жаманмен дос болсаң,

Қаларсың ұятқа.

("Қазақтың мақал-мәтелдері" кітабынан).

4-тапсырма. Фразеологизмдердің мағынасын түсіндіріңіз және есте сақтаңыз.
Жүрек жұтқан; екі жүзді; жел өкпе; он саусағынан өнер тамған; қойдан жуас; қой аузынан шөп алмас; тіл мен жаққа сүйенген; ала көз; көзі ашық; көзбен ату; көз алмау.
Үлгі: Жүрек жұткан - өте батыл, ештемеден қорықпайтын, өжет, ер.
5-тапсырма. "Менің әріптесім" тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.

♫ Ән үйренейік

Қарлығаш

 

Сөзін жазған: И.Матақов

Әнін жазған: А.Жұбанов

Қарлығаш әннің аты, жырымды айтам,

Сүйген жар, сүйіскен дос сырымды айтам,

Қарлығаш.

 

Айныма, асыл сәулем, берген серттен,

Мен сендік, сен менікі, шынымды айтам,

Қарлығаш.

Қайырмасы:

Құралай көз, қолаң шаш,

Алма мойын, қиғаш қас,

Сүйген сәулем, Қарлығаш.

 

Ақ тамақ, қиылған қас, жарық мандай,

Әдемі ақша бетің, жауған қардай,

Қарлығаш.

 

Жайдары еркелеген жарқын мінез,

Жарқ етсең, жадыратар жаққан шамдай,

Қарлығаш.

 

Қайырмасы:

Алюминий алыбы

жас
білімді
сезімтал

сүйкімді
батыл
сыпайы
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website