4-тапсырма. Сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын табыңыз. Сөйлем құрастырыңыз.
Өз жұмысын істемейтін, біреудің жұмысына кірісіп жүретін; өз білгенімен істемей, жоғарыдан нұсқау күтіп отыратын; өте жай қимылдайтын, үнемі көңілсіз жүретін; барлық жұмысқа белсенді қатысатын; өзінше шешім қабылдай алатын.
Жұмысты бес саусағындай білетін; жұмысқа білегін сыбанып кірісіп кететін; ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүретін.
Сөйлемді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Жас жігіттің мамандық таңдаудағы ойлары (К.Маркстің гимназияны бітірерде жазған шығармасы).
...Егер адам тек өзі үшін еңбек етсе, ол, шамасы, атақты ғалым, ұлы ойшыл тамаша ақын бола алады, бірақ ешқашан нағыз жетілген білікті әрі ұлы адам бола алмайды.
("Қазақ күнтізбесінен").
  • Маркс мамандық туралы не айтты?
  • "Адамның баласы - бауырың, әкесінің баласы - дұшпаның" деген Абайдың сөзін сіз қалай түсінесіз?
  • Сіздің мамандығыңыз өзіңізге ұнай ма?
5-тапсырма. Мамандық атауларын сала бойынша қойып жазыңыз.
а) Ой еңбегі саласы -
ә) Өндіріс саласы -
б) Ауыл шаруашылық саласы -
в) Тұрмыстық қызмет көрсету саласы -
г) Өнер саласы -
Керекті сөздер:жазушы, жұмысшы, құрылысшы, балташы, іскер, малшы, қойшы, есепші, кенші, даяшы, тоқымашы, тілші, жүргізуші, әртіс, ғалым, бағбан, суретші, аспаз, сауыншы, ақын, тігінші, мақташы, ұшқыш, егінші, бояушы, теңізші, сәулетші, пошташы, жауынгер, жорналшы, әнші, зергер, тракторшы, мүсінші, биші, орманшы, аудармашы, хатшы, филолог, сағат шебері, экономист, металлург, инженер, геолог, сатушы, мал дәрігері, агроном, дәрігер, балықшы, шаштараз, қобызшы, заңгер, мұғалім, домбырашы, композитор, менеджер, сырнайшы, аяқ киім жөндеуші.
Өзіңіздің болашақ мамандығыңыз туралы "Менің арманым" атты тақырыпқа шағын шығарма жазыңыз.
Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңыз.
Кім болғым келеді?










М.Құрманалин.
Мақал-мәтелдердің мағынасын қалай түсінесіз?
Шешеннің сөзі мерген,
Шебердің көзі мерген.
Шебердің қолы көпке ортақ.
Жігітке жеті өнер аз,
Жетпіс өнер көп емес.

Сөзжұмбақ "Мамандық"
Берілген сөздерді қазақ тіліне аударып, торларды толтырыңыз.

1. специалист
2. повар
3. животновод
4. агроном
5.инженер
6. переводчик
7. продавец
8. маляр

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫ
Сұрақтарға жауап беріңіз.























Сөйлеу үлгілері:
- Сіздің ұлтыңыз кім?
- Мен ағылшынмын (орыспын, неміспін, украинмын).
- Сіз қазақша сөйлей аласыз ба?
- Жоқ, онша жақсы білмеймін.
- Сіз менің сөзімді түсініп тұрсыз ба?
- Аздап түсініп тұрмын.

* * *
-Сіз қазақша сөйлей аласыз ба?
- Иә, мен қазақша жақсы сөйлеймін.
- Қазір сіздерде қай сабақ?
- Қазір бізде қазақ тілі сабағы.
* * *
- Мәншүк, қазақ тілі сабағынан қандай тапсырма берді?
- Қазақ тілі сабағынан "Су құдіреті" деген мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеу, денсаулық туралы 5 мақал-мәтел жазып, жаттау берілді.
Тапсырма. Сөздерді және сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құрастырыңыз.
Түсіну, білу, жетік білу, аудару, сөйлеу, сөйлесу, жауап беру, сұрақ қою, мәнерлеп оқу, мазмұнын айту, емтихан (сынақ) тапсыру, менің ойымша, қиын, оңай.

Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақ тілі сабағында
Мен биыл қазақ тілін оқып жүрмін. Өйткені біздің Республикамызда тұратын барлық ұлттардың өкілдері мемлекеттік тілді білуге тиіс. "Қос тіл - қос қанатың" дейді халық. Бізде қазақ тілі сабағы аптасына екі рет болады: дүйсенбі және сәрсенбі күндері. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Ол 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. Біз қазақ тілі сабағында жаңа сөздермен сөйлем құрастырамыз, бір-бірімізге сұрақ қоямыз және сұрақтарға жауап береміз, сұхбат құрастырамыз, әңгімелесеміз, мәтіндер оқимыз, оларды аударамыз, ән үйренеміз, мақал-мәтел, жаңылтпаштар жаттаймыз, сөйлемдерге грамматикалық, фонетикалық талдаулар жасаймыз. Кейде шағын шығарма немесе мазмұндама жазамыз. Сурет бойынша әңгіме құрастырамыз. Сабақта қазақша сөйлейміз. Қазақ тілі пәнінің оқытушысы Қарлығаш Қуанышқызы. Қазақ тілі менің екінші ана тілім. Мен қазақша аздап /жақсы, жетік/ білемін.

Қазақ тілін сіз қашаннан оқып жүрсіз?
"Қос тіл - қос қанатың" дегенді қалай түсінесіз?
Сіздерде қай күндері қазақ тілі сабағы болады?
Қазақ тілі - қай халықтың ана тілі?
Ол қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?
Сіздер қазақ тілі сабағында не істейсіздер?
Қазақ тілі пәнінің оқытушысы кім?
1-тапсырма. Жолдасыңызбен қазақ тілі сабағы туралы әңгімелесіңіз.
2-тапсырма. Оқу, оқушы, оқулық, оқытушы, оқырман сөздерінің мағынасын түсіндіріңіз.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
- Аты-жөніңіз кім?
- ................................................. .
- Сіз қазақша сөйлей аласыз ба?
-............................................... .
- Мәтінді қазақ тіліне аудара аласыз ба?
- ........................................................... .
- Онда жазушы, сөз тіркестері, сөйлем, дәстүр сөздерін орыс тіліне аударып беріңізші.
- ..................................................... .

Оқыңыз, қызық!
Планетамызда полиглоттар (көп тіл білетіндер) өте көп. Рим университетінің профессоры Карло Тагливани 35 тілді білген. Дания ғалымы Расмус Раск 230 тілді білген. Шютце деген неміс 270 тілде сөйлеген. Совет академигі Н.Я.Марр 100 тілді білген. В.И.Ленин ондаған тілдерде жақсы сөйлеген: орыс, ағылшын, француз, грек, латын, поляк, итальян, швед және фин тілдері. Ұлы қазақ ағартушысы, ғалым, саяхатшы, зерттеуші Шоқан Уәлиханов ұйғыр, қырғыз, татар, араб, француз, неміс, қытай, монғол, орыс тілдерін білген.
Тілді қалай үйрену керек? Сіздің ойыңыз?

Ән үйренейік!
Ұстазым
Әнін жазған: А.Еспаев
Сөзін жазған: А.Шамкенов
Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде жаттатқызып әліппені,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.
Қайырмасы:
Ұстазым менің, ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым менің, ұстазым.
Зердемді сен ашпасаң не етер едім?!
Өмірден сыбағасыз өтер едім.
Ғажайып дүниенің сырын шертіп,
Қияға қызықтырып жетеледің.
Қайырмасы:

3.3 МАМАНДЫҚ

Мәтінді оқыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз.
Менің атым - Қайсар. Біздің отбасымызда әр түрлі мамандықтың иелері бар. Әкем - жоғары білімді заңгер, анам - тәжірибелі ұстаз, ағам -тілші. Ол ағылшын-неміс тілдерінде еркін сөйлейді. Жеңгем бағдарламашы. Ол компьютерді жақсы меңгерген. Олар өз істерінің шебері. Мен де соларға ұқсағым келеді. Мен студентпін. Филология және журналистика институтының орыс тілі филологиясы бөлімінде оқимын. Мен болашақ тілшімін. Тіл тарихы мені өте қызықтырады. Арманым жоғары білімді тіл маманы болу. Ол үшін тиянақты білім алу керек. Қазір біз тәжірибелі ұстаздардан дәріс аламыз. Менің мақсатым болашақта шетел авторларының көркем шығармаларын қазақ тіліне аудару және қазақ классикалық әдебиеті мен фольклорының тарихын зерттеу.
  • Отбасы мүшелері қандай мамандықтың иелері?
  • Қайсар қайда оқиды?
  • Оның болашақ мамандығы қандай?
  • Оның болашақтағы мақсаты қандай?
  • Мәтінде берілген мамандықтарды атап, оларды толықтырыңыз.
1-тапсырма. Төмендегі сөздерді жіктеңіз.
Заңгер, тілші, аудармашы, құрылысшы, мұғалім.
Кім не істейді?
Үлгі: Балықшы балық аулайды.
Дәрігер адамдарды емдейді.
Аудармашы
құрылысшы
заңгер
суретші
бағдарламашы
жүргізуші
сатушы
Керекті сөздер: кеңес береді, нан пісіреді, зауытта жұмыс істейді, бала оқытады, бала тәрбиелейді, болашақ спортшыларды жаттықтырады, сурет салады, машина жүргізеді, ғимараттың жобасын жасайды, аударады, үй салады, ауаның тазалығын қадағалайды, дүкенде жұмыс істейді, компьютермен жұмыс істейді.
2-тапсырма. Кестедегі берілген мамандықтың біреуін таңдап, сол туралы әңгімелеңіз.
Мына үлгі бойынша көршіңізбен, әріптесіңізбен мамандық туралы сөйлесіңіз.
Үлгі:
- Сіздің мамандығыңыз қандай?
- Мен экономистпін.
- Ал, сіздің мамандығыңыз қандай?
- Мен дәрігермін

* * *

- Сәлеметсіз бе, танысуға бола ма?
- Танысайық, менің атым Айсұлу, ал сіздің атыңыз кім?
- Менің атым Мұрат. Айсұлу сіз қайда жұмыс істейсіз?
- Мен асханада жұмыс істеймін.
- Сіз даяшысыз ба?
- Жоқ, аспазбын, ал сіз кім болып істейсіз?
- Мен Ауыл шаруашылығы министрлігінде заңгер болып жұмыс істеймін.
3-тапсырма. Мына суреттерде қандай мамандық иелері бейнеленген? Олар немен айналысады? Досыңызбен отбасы мүшелерінің мамандығы туралы сөйлесіңіз.
эколог
наубайшы
жұмысшы
тәрбиеші
мұғалім
жаттықтырушы
сәулетші
Тау мен тасты қопарар,
Кенші болғым келеді.
Достық сәлем апарар,
Елші болғым келеді.
Темір жонар екпінді,
Токарь болғым келеді.
Жолда өткізер көп күнді,
Шофер болғым келеді.
Ұлағатты атанған,
Ұстаз болғым келеді.
Алар озып бәйгені,
Малшы болғым келеді.
Жеткен жыры ғаламға,
Ақын болғым келеді.
Ақ ниетті адамға,
Жақын болғым келеді.
Ғарышқа ұшқан ағамдай,
Көкке жеткім келеді.
Елім үшін аянбай,
Еңбек еткім келеді.
Ана тілін адамдар
  • Сіздің ана тіліңіз қай тіл?
  • Сіз қай тілде сөйлейсіз?
  • Сіз ана тілін кімнен үйрендіңіз?
  • "Ана тілі" деген ұғымды қалай түсінесіз?
  • Ана тілінен басқа тағы қандай тілдерді білесіз?
  • Қазақ тілін қашаннан үйреніп жүрсіз?
Сөйлем құрастырыңыз.
үйренеді
кішкенекезінен (анасынан, әкесінен, апасынан, атасынан)
ер жеткенде(мектепте, кітаптан, газеттен, журналдан, радиодан, теледидардан, кинодан, театрдан)
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website