Мәтінді оқыңыз, жоспар құрастырыңыз, мазмұндаңыз.Қазіргі қазақ тілі негізін салушылардың бірі, түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақ ҚСР ҒА корреспондент мүшесі. Сәрсен Аманжолов Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан ауданының Егінсу ауылында дүниеге келген. 1930 жылы Орта Азия мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін, 20 жыл бойы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында қазақ тілі кафедрасын басқарды.
Сәрсен Аманжоловтың тікелей қатысуымен орта және жоғары оқу орындары үшін бірнеше оқулықтар мен оқу бағдарламалары шығарылды. Ол жасаған жаңа алфавит пен орфография жобасы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-сессиясында қабылданды.
Аманжоловтың терең айналысқан ғылыми мәселелерінің ауқымы айтарлықтай кең: қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясы, терминология, грамматика, орфография. Әсіресе қазақ диалектологиясы саласындағы зерттеуі айрықша құнды. Ол ұлттық әдеби тілдің диалектілік айырмашылықтарын зерттеуді бастағандардың алғашқысы еді.
1942 жылы Аманжолов майданға аттанды. Әскери журналист болды. Соғыстан соң Аманжолов Қазақ ҚСР ҒА Тіл және әдебиет институтында істейді. Оның ұзақ жылғы зерттеуінің нәтижесі - «Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері» туралы кітабы өз кезінде ғылыми ортада үлкен оқиға болды. Бұл еңбегінде ғалым қазақтың халық тілі мен әдеби тілі арасындағы байланыс сырын ашты, ұлттық жазба әдебиетіміз тарихын зерттеді. Аманжолов отандық тарих ғылымына да аз үлес қосқан жоқ.
1-т
апсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.Білікті маман, ұлы адам, атақты ғалым, дарынды бала, ұлы ойшыл, тамаша ақын.
2-тапсырма. Берілген сөз, сөз тіркестерін септеңіз, сөйлем құрастырыңыз.С.Аманжолов, оқу залы, С.Аманжолов оқулары, ескерткіш, түркітанушы.
3-тапсырма. Мәтінді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңыз. С.Аманжолов Мәскеу қаласында "Қызыл Армия үгітшісі блокнотының" ... ... болды. Ол - алғаш рет ғылым кандидаттығы дәрежесін алған ... болды. Ғалымның тікелей қатысуымен 1946 жылы 2 томдық ... жарық көрген. С.Аманжолов - отандық ғылым үшін бірнеше ... даярлаған ұстаз. Біздің университетте жыл сайын ... атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.
Керекті сөздер: тілші - ғалым, жауапты редакторы, С.Аманжолов оқулары, маман-шәкірттер, орысша-қазақша сөздігі.
4-тапсырма. "
С.Аманжолов - ғалым, түркітанушы" тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.5-тапсырма. Жағдаяттар бойынша сұхбат құрастырыңыз.- Сізге "С.Аманжолов - қазақ тіл ғылымының негізін салушы " тақырыбына реферат жазу керек. Кітапханаға тапсырыс беріңіз.
- Тобыңызбен университет мұражайында болдыңыз. Алған әсеріңіз туралы досыңызбен сұхбаттасыңыз.