2.4 ТҰРМЫСТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҮЙІ

"АЯҚ КИІМ ЖӨНДЕУ" ШЕБЕРХАНАСЫНДА

САҒАТ ЖӨНДЕУ ШЕБЕРХАНАСЫНДА

КИІМ АТЕЛЬЕСІНДЕ

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ

Мына сөзді және сөз тіркестерін пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі, шеберхана, химиялық тазарту, шаштараз, сағат жөндеу, аяқ киім жөндеу, киім тігу, бөлім, зергерлік салон, фотосалон, көшенің қиылысында, көшенің бойында.
  • Тұрмыстық қызмет көрсету үйі қай көшеде орналасқан?
  • Оған қандай көлікпен баруға болады?
  • Тұрмыстық, қызмет көрсету үйі неше қабатты?
  • Тұрмыстық қызмет көрсету үйіне жиі барасыз ба?
  • Қай қабатта қандай бөлімдер орналасқан?
Сөйлеу үлгісі:
-Маған шаш қиғызу керек.
-Қандай үлгімен?
-Өткен айда шашымды "карэ" үлгісімен алғызғанмын, ал енді басқаша қиғызсам деп едім, сіз қандай кеңес бересіз?
-Келбетіңізге қарай сізге "сессон", "гарсон" үлгілері жарасады деп ойлаймын.
-Онда "Сессон" үлгісімен қиыңыз.
-Шашыңызды боятпайсыз ба?
-Сіздерде шашты қию және бояу қанша тұрады?
-Бізде шашты қию 500 теңге, шаш бояуы өзіңіздікі болса 100 тенге.
-Жақсы, қымбат емес екен, бояңыз.
-Қандай түске бояйсыз?
-Қараға бояңыз.
Шаштаразға барып шашыңызды боятыңыз, қиғызыңыз.

Сөйлеу үлгісін және сөздерді пайдаланып, сұхбат кұрастырыңыз.
Қапсырма, өкше, табан, етіктің қонышы, ұлтарақ,  нәлі қағу, желімдеу, шегелеу, өкше қағу, қапсырманы ауыстыру, тігу, биік өкше, аласа өкше, жайлы, жайсыз, аяқ киім, етік, бәтеңке, туфли, пима, мәсі.
Сөйлеу үлгісі:
- Сіздердің шеберханаларыңызда қандай қызмет түрлері көрсетіледі?
- Мына кестеде қызмет түрлері және бағасы көрсетілген. Сіз не жөндетейін деп едіңіз?
- Мен етігімнің өкшесіне нәлі қақтырайын деп едім, нәлі қанша тұрады?
- Екі жүз елу теңге.
- Менің аяқ киімім қашан дайын болады?
- Кешке таман келіңіз.
- Сағат нешеде келейін?
- Сағат бес жарымда.
- Жарайды.
Етігіңіздің ұлтаны жыртылып қалды, шеберханаға апарып, жөндетіңіз.
Берілген сөз тіркестерін, сөйлеу үлгілерін пайдаланып жағдаяттар бойынша сұхбат құрастырыңыз.
Сағат жөндеу, бұзылып қалу, тоқтап қалу, қабырға сағаты, қол сағаты, қалта сағат, сағаттың тілі, әйнегі, бауы, қалып қояды, озып кетеді, тазалау.
Сөйлеу үлгілері:
- Анар, қайда бара жатырсың?
- Сағат жөндеу  шеберханасына барамын, жақын маңда сағат шеберханасы бар ма?
- Тұрмыстық қызмет көрсету үйінің ішінде 1-қабатта, кіре берісте, оң жақта.

* * *

- Маған сағат жөндету керек.
- Әкеліңіз, көрейін.
- Сағатыңыздың үлкен тілі майысып қалыпты, түзетіп берейін, сағатыңыздың ішін тазалау керек.
- Қай уақытта дайын болады?
- Екі күннен кейін дайын болады, біз сағат 6-ға дейін істейміз.
- Қызметіңізге қанша аласыз?
- 270 теңге.
- Ақшасын алдын ала төлеуге бола ма?
- Иә, төлеңіз, сізге түбіртек жазып беремін.
- Рахмет, сау болыңыз!
Жағдаяттар:
  • Сіздің сағатыңыздың әйнегі сынып қалды.
  • Сағатыңыз қалып қояды.
  • Сағатыңыз озып кетеді.
Төмендегі сөздерді қолданып, тақырыпқа байланысты әңгіме
құрастырыңыз.
Көйлек, жейде, шалбар, костюм, кеудеше, белдік, жең, жаға, түйме, қынама бел, жырық, етек, астарлы қалта, мата, жібек, барқыт, шыт, бәтес, пумази, шағи, пүліш, тігу, тіккізу, қысқа, кең, ұзынырақ, қысқалау, тік жағалы, гүлді, гүлсіз, бір түсті, ашық түсті, кең иықты, етегі бүрмелі, қапсырма.
1апсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жазыңыз.
  • Мен апама ... шәлі сатып алдым.
  • Ол ағасының туған күніне ... костюм сыйлады.
  • Жаңа жыл мейрамына ... матадан кешкі көйлекке тапсырыс бердім.
  • Құрбыма ... жеңді, қалталы кеудеше ұнайды.
Сөйлеу үлгісі:
-Мен құрбымның үйлену тойына көйлекке тапсырыс берейін деп едім.
- Өз матаңыздан ба?
-Жоқ, сіздердің маталарыңыздан.
-Қандай үлгімен тіккізесіз?
-Ұзындығы тобыққа дейін, белі қыналған, жеңсіз, мойны ашық, арқасында қапсырмасы бар, ашық түсті жұқа матадан болғанын қалаймын.
-Онда сіз шілтер немесе шифон, барбара маталарын көріңіз. Ұнатқан матаңыздан тігейік.
-Маған шифон ұнап тұр, осының қызғылт түстісі бар ма?
-Иә, бар. Оның ені 1,40 см, сізге 1,60 см керек.
- Матаның метрі қаншадан?
-Бір метрі 480 теңге.
-Менің тапсырысым неше күнде дайын болады?
-Көйлегіңіз 10 күн ішінде дайын болады. 2 күнен кейін өлшеуге келіңіз.

2-тапсырма. Суреттен ұнаған киімді таңдап, сол үлгімен ательеге  барып тапсырыс беріңіз.
1. Берілген сөздерді жекеше және көпше түрде жіктеңіз.
Мүсінші, аудармашы, қаржыгер.

2. Етістіктерді ауыспалы осы шаққа қойып сөйлем құрастырыңыз.
Қыдыру, қарсы алу, үйді жинау, телефон соғу, тамақ әкелу, кітап оқу.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (ПМУ) – тек қана Павлодар аумағында емес, сонымен қатар Республикадағы ғылым мен мәдениеттің білім орталығы, Қазақстанның үлкен университеттерінің бірі болып табылады. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 1960 жылы 20 қыркүйекте КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысы негізінде, 1996 жылы мамыр айында Индустриалды институт негізінде құрылған. Институт бұрынғы 24-ші әскери мектептің бір қабатты 10 барағында және екі ғимаратта орналасқан. Машина жасау, инженерлік-құрылыс және энергетикалық үш факультеттерінде – 400 студент оқыған. Дәрісті 16 оқытушы жүргізген, оның біреуінде ғана доцент атағы болған.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті – ұзақ жылғы өз тарихы және даңқы бар жоғары оқу орны: жарты ғасырдан астам уақытта жоғары білікті мамандарды даярлады. Қазіргі кезде бұл инновациялық типтегі көп салалы университет, аймақтың басты жоғары оқу орны, орасан зор ғылыми орталық, Қазақстан Республикасы және оның аймақтарында өз жаңалықтарымен және жетістіктерімен кең танымал болып отыр.
С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері саны жағынан және сапалы білім беру қызметі бойынша Павлодар облысының жоғары оқу орындары арасында сөзсіз көшбасшы болып табылады. ЖОО 66 бакалавриат, 46 магистратура, 4 PhD докторантура мамандықтары бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде әртүрлі бағытта жоғары кәсіби мамандарды дайындайды. Дайындықты 567 оқытушы, соның ішінде 47 ғылым докторы, профессор, 227 ғылым кандидаты, доценттер жүзеге асырады. Университетте ғылыми-зерттеу жұмыстары 41 кафедрада және 13 ғылыми-тәжірибелік орталығында, «Ертіс» ғылыми-технологиялық паркінде, аймақтық инновация және трансферттік технологиялар орталығында және студенттік ғылыми орталығы базасында жүргізіледі.
3-тапсырма. Сөйлемді аяқтаңыз.
Егер костюмнің/көйлектің өлшемі сізге келетін болса, онда ол сізге ….
Егер костюмнің/көйлектің түсі сізге келетін болса, онда ол сіздің ... .
Егер сіз өте жүдеп кетсеңіз, онда көйлек сізге ….
Егер сіз толып кетсеңіз, онда көйлек сізге ….
Егер сіздің балаңыз өсіп кетсе, онда бұрын киген костюмі/көйлегі ... .
 Керекті сөздер: дәл, өңіңізді ашады, тар, кең, кішкене.
  Сөйлеу үлгісі:
- Мынау не?
- Бұл тон.
- Оны қай кезде киеді?
- Қыста.
* * *
- Мынау не?
- Бұл ... .
- Қандай ... ?
- Жібек ... .
- Оны қай уақытта киеді?
- Оны ... киеді.
* * *
- Мынау не?
- Бұл ...
- Қандай ... ?
- Күзгі ...
- Мұны қай кезде киеді?

4-тапсырма. Жазда, қыста, күзде, көктемде киетін сырт киімдеріңізді сипаттап жазыңыз.
5-тапсырма. Мына сөздермен сөз тіркестерінен сөйлем кұрастырыңыз.
Биік өкшелі, ұзын жеңді, қайырма жағалы, шалбар, ішік, тымақ, бөрік, қолғап, шәлі, жібек, көйлек, қысқа қонышты етік.
6-тапсырма. Төмендегі сөздердің антонимдерін табыңыз.
Кең, ұзын, қымбат,  көп,  жаңа,  биік, жеңді,  жағалы, сапалы.
7-тапсырма. Дос қызыңыздың киімін сипаттаңыз.
8-тапсырма. Сөйлеу үлгілерін пайдаланып, өзіңізге анаңызға, іні-қарындасыңызға киім сатып алыңыз.
Сөйлеу үлгілері:
- Не аласыз?
- Маған мәсі керек.
- Нешінші өлшем керек?
- 37-өлшем.
- Мінекей, көріңіз.
- Қара түстісі бар ма?
- Тек қоңыр түстісі қалды.
- Қанша тұрады?
- Екі мың теңге.
- Түсі қоңыр болса да алайық, апам қуанып қалсын.
Қандай көйлек аласыз?
- Маған Наурыз мерекесіне киетін әдемі көйлек керек еді.
- Бізде көйлектің түрлері өте көп. Таңдағаныңызды алыңыз.
- Мына көйлектің ашық түстісі бар ма?
- Бар. Көресіз бе?
- Әрине, көрейін. Қай елдікі?
- Польшанікі. Польшадан әкелінген киімдерге сұраныс көп.
- Қандай матадан тігілген?
- Жібек матадан тігілген. Айтыңызшы 46-өлшемі бар ма?
- Бар. Киіп көріңіз
- Маған жараса ма? Кең емес пе?
- Сізге құйып қойғандай.
- Қанша тұрады?
- Сегіз мың теңге.
- Мен бұл көйлекті алайын, маған өте ұнап тұр. Өңімді де ашады екен.
- Игілігіңізге киіңіз.
- Рақмет.
Берілген мақалдың мағынасын түсіндіріңіз. Өзіңіз білетін мақалдарды жазыңыз.
Ағаш көркі жапырақ,
Адам көркі шүберек.
("Қазақтың мақал-мәтелдер" кітабынан).
Қазіргі замандағы жастардың киім кию үлгісі.Сән. Сапалық және қатыстық сын есімдер.

Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Қазіргізамандағы жастардың киім кию үлгісі.
Сән мен жастар
Жастар сәнінде өзгерістер аз емес. Жасөспірімдерге арналған киім нұсқаларында классикалық және халықтық үлгілер спорттық стильмен жарасымды ұштасқан. Қыздар мен жігіттердің киіміндегі жақсы бетбағыттар барынша сақталған. Кешкі уақытта киіп жүруге қонымды костюмдер, тар юбкалы жакеттер, шалбарлар мен басқа киім түрлерін кию кеңінен қолданыс табуда.
Сән үлгілері жұртшылықтың биік талғамын қанағаттандыруға қызмет етеді. Әрине, барлық адамның талғамына сай дайын үлгі болуы мүмкін емес.
("Парасат" журналынан).
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
  • Соңғы кезде жастар қалай киінеді?
  • Кешкі уақытта киетін киім үлгілері қандай болуы мүмкін?
  • Барлық адамдар бірдей киінуі мүмкін бе?
  • Қазіргі кездегі киім киюде қандай ерекшеліктер байқалады?
  • Қазақтың ұлттық киімдерінен сізге қайсысы ұнайды?
  • Сәнді киінетіндердің барлығын мәдениетті адам деуге бола ма?

Жағдаяттар бойынша сұхбат құрастырыңыз.
  • Сіз дүкенге келдіңіз. Іздеп жүрген бұйымыңыз дүкенде сатылып жатыр. Ол қандай бұйым? Сол туралы әңгімелеп беріңіз.
  • Сіз кешкі көйлек сатып алдыңыз. Көйлектің тігілу үлгісі туралы құрбыңызға айтып беріңіз.
  • Танысыңыз Алматыға бармақшы. Өзіңізге құндыз жағалы пальто әкелуін өтініңіз. Оны сипаттап айтыңыз. Ол сізге қандай сұрақтар қоюы мүмкін?
  • Достарыңызбен "Сән" журналын көріп отырсыз. Өзіңізге ұнаған киімді сипаттаңыз.

Сөйлемдерді толықтырыңыз.
 Толық әйелдерге ... жарасады.
 Толық әйелге ... жараспайды.
Керекті сөздер: Ұзын кеудеше, куртка, кең етекті киім,  ұсақ гүлді матадан тігілген киім, жалпақ белбеу, белдіксіз (без пояса) көйлек, ірі гүлді матадан тігілген.

Сөйлемді аяқтаңыз.
Егер костюмнің/көйлектің өлшемі сізге келетін болса, онда ол сізге ….
Егер костюмнің/көйлектің түсі сізге келетін болса, онда ол сіздің ... .
Егер сіз өте жүдеп кетсеңіз, онда көйлек сізге ….
Егер сіз толып кетсеңіз, онда көйлек сізге ….
Егер сіздің балаңыз өсіп кетсе, онда бұрын киген костюмі/көйлегі ... .
 Керекті сөздер: дәл, өңіңізді ашады, тар, кең, кішкене.
  Сөйлеу үлгісі:
- Мынау не?
- Бұл тон.
- Оны қай кезде киеді?
- Қыста.
Мынау не?
- Бұл ... .
- Қандай ... ?
- Жібек ... .
- Оны қай уақытта киеді?
- Оны ... киеді.
* * *
- Мынау не?
- Бұл...
- Қандай ... ?
- Күзгі ...
- Мұны қай кезде киеді?

4-тапсырма. Жазда, қыста, күзде, көктемде киетін сырт киімдеріңізді сипаттап жазыңыз.
5-тапсырма. Мына сөздермен сөз тіркестерінен сөйлем кұрастырыңыз.
Биік өкшелі, ұзын жеңді, қайырма жағалы, шалбар, ішік, тымақ, бөрік, қолғап, шәлі, жібек, көйлек, қысқа қонышты етік.
6-тапсырма. Төмендегі сөздердің антонимдерін табыңыз.
Кең, ұзын, қымбат, көп, жаңа, биік, жеңді, жағалы, сапалы.
7-тапсырма. Дос қызыңыздың киімін сипаттаңыз.
8-тапсырма. Сөйлеу үлгілерін пайдаланып, өзіңізге анаңызға, іні-қарындасыңызға киім сатып алыңыз.

Сөйлеу үлгілері:
- Не аласыз?
- Маған мәсі керек.
- Нешінші өлшем керек?
- 37-өлшем.
- Мінекей, көріңіз.
- Қара түстісі бар ма?
- Тек қоңыр түстісі қалды.
- Қанша тұрады?
- Екі мың теңге.
Мәтінді мәнерлеп оқыңыз,толықтырыңыз. Мәтінен сын есімдерді табыңдар.

КИМЕШЕК
Кимешек - қазақ әйелдерінің киелі бас киімі. Кимешек ақ матадан немесе ақ жібектен молдау пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен жауырынын жауып тұрады. Кимешек тек бас киім ғана емес, әйел адамның "мінездемесінің" де орнына жүреді. Кимешекке қарап әйелдің шырайын, жас мөлшерін, тұрмысын, жүріс-тұрысын ажыратуға болады. Аналарымыздың ұқыптылығы мен салақтығы да кимешектен көрінеді. Кимешектің түрі мен тарихы әр түрлі. Олар көбінесе рулық, тайпалық өмір ерекшеліктеріне байланысты.
Кимешекті әшекейлеп те, ою-өрнектермен безендіріп те киген. Ол да әйелдің жас мөлшеріне, тұрмысына байланысты болған.
("Ана тілі" газетінен).


ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!

Білім жоғары, арнайы орта, техникалык, гуманитарлық, педагогикалық, орта

This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website