1-тапсырма. Сөз, сөз тіркестерін пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз. Қандай кітап? - қалың, қымбат, арзан, қызық, ғылыми, әдеби, көркем, фантастикалық.
Кітапхана қайда орналасқан? -Кітапхана Қазақстан көшесінде, Абай даңғылында, Ғарышкер көшесінде.
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.Ғылыми техникалық кітапхана ... ... орналасқан. Балалар және жасөспірімдер ... Ғарышкер көшесінде. ... Қазақстан көшесінде орналасқан.
Керекті сөздер: Абай даңғылында, кітапханасы, Пушкин атындағы кітапхана.
3-тапсырма. Көршіңізбен қаладағы кітапханалар туралы сөйлесіңіз.☺
Сөйлеу үлгілері:- Маған І.Есенберлиннің "Көшпенділер" романы керек еді.
- Сізде оқырман билеті бар ма?
- Жоқ.
- Онда сізге оқырман билетін алу керек.
- Қандай құжаттар қажет?
- Фотосурет, кітапхана директорының атына өтініш, жеке бас куәлігі.
- Ертең келуге бола ма?
- Болады.
- Олай болса, мен құжаттарымды алып ертең келейін. Сау болыңыз!
* * *- Маған Абайдың "Қара сөздері" керек еді.
- Оқырман билетіңіз бар ма?
- Иә, бар.
- Оқу залында жұмыс істейсіз бе?
- Рұқсат болса, үйге алайын деп едім.
- Неше күнге аласыз? Кітапханада кітап үш күнге ғана беріледі.
- Жақсы, онда мен үш күнге алайын.
☺
Сұхбат құрастырыңыз.- · Балалар және жасөспірімдер кітапханасы қайда орналасқанын сұрап біліңіз.
- · Университет кітапханасына жазылыңыз.
- · Өзіңізге қажетті кітапты сұрап алыңыз.
Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, толықтырыңыз. Мәтінге тақырып қойыңыз.... ... ... Кітапхана 1962 жылы оқу орнымен қатар құрылған Павлодар педагогикалық институт құрылымының жетекші бөлімі ретінде ашылды. Кітапхананы ашу бойынша жұмыстарын жүргізген, Елизовета Романовна Черникова басқарды. Инвентарлық кітаптағы алғашқы жазу 1962 жылғы 9 қарашада жазылды, бұл «орысша - немісше сөздік», ал айдың аяғында № 1 инвентарлық кітап аяқталды, кітапхана қоры 5 мыңнан аса кітаппен толықтырылды.1963 жылы институтқа Торайғыров көшесінен жаңа ғимарат берілді, екінші қабаттан үлкен аудиториядан абонемент пен оқу залы ашылды.1964 жылдың сәуірінен бастап кітапханада 4 қызметкер жұмыс істей бастады. Кітапхана қоры жыл сайын көбейіп 14 мыңға жетті.1967-68 оқу жылында кітапхана қызметіне библиограф мамандығы берілді. Алғашқы библиограф болып Г.В. Кромм атқарды. Библиограф Галина Васильевна жұмысының бірінші күнінен бастап бірінші курс студенттерімен кітапханалық сабақтарды өткізуге, оқу үдерісіне библиографиялық құралдарды насихаттауға атсалысты. Оның жүйелі мақсаткерлік жұмысының арқасында кітапханалық-библиографиялық білімі (КББ) негіздері бойынша сабақтарды алдымен филология факультетіне, содан кейін екі факультеттің (1972ж.) сабақ кестелеріне енгізе бастады, ал 1975 жылдан бастап КББ оқу курсы барлық факультеттерде міндетті түрде жүргізілді. 1973 жылдың жазында кітапхана биология-химия факультетінің ғимаратына көшірілді. Мұнда екінші қабатта абонемент, оқу залы орналасты, ал негізгі кітап қоймасы астыңғы қабатта жайғасты. Кітаптар абонементке оқырмандардың тапсырыстары бойынша қоймадан лифт арқылы көтерілді. Сол кезде кітапханада 8 ғана қызметкер жұмыс істеді. Кітапхана меңгерушілерінің және библиографтың жұмыс орындары абонементте және оқу залында орналастырылды. 1-тапсырма. Өзіңіз жиі баратын кітапхана, оқу залы туралы әңгімелеңіз. 2-тапсырма. Сіз өте қызық кітап оқыдыңыз. Ол жайлы досыңызға айтып беріңіз.