Мәтінді оқып, қазақ тілінде мазмұндаңыз, ат қойыңыз. Прежде это был переулок Базарный. Начинался он у протоки Иртыша, точно стрела, пересекал все старинные городские улицы и выходил на берег Ульбы. Название свое переулок получил из-за базара, который занимал целый квартал, на месте которого сейчас разбит парк Кирова. Здесь же стоял Покровский собор. Фасадом на Базарный переулок выходил Народный дом, ныне драматический театр имени Жамбыла. В Народном доме разместились библиотека, музей. В этом же переулке в начале XX века был построен большой двухэтажный дом купца Меновшикова. Позже в нем расположилась типография, а затем, после значительной реконструкции, открылся Музей Искусств.
С 1935 года весь этот район стал меняться. Сместили базар. Снесли Покровский собор. Разбили парк. И некогда очень шумный переулок превратился в тихую улочку, которой в 1943 году присвоили имя земляка-героя Советского Союза Тулегена Тохтарова.
Сұрақтарға жауап беріңіз.- Қазір көше кімнің есімімен аталады?
- Т.Тоқтаров туралы не білесіз?
- Өзіңіз тұратын көше жайлы әңгімелеп беріңіз
☺
Сұхбатты толықтырыңыз.-_______________________________________________________?
- Бұл Қазақстан көшесі.
-______________________________________________________ ?
- Трамваймен жетуге болады.
-_______________________________________________________?
- Үшінші аялдама.
-_____________________________________________________ ?
- "Астана" шаштаразы Абай көшесінде орналасқан.
-_____________________________________________________ ?
- Жақын ғой, жаяу баруыңызға болады.
-________________________________________________________?
- Орталық байланыс үйі Қазақстан және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан.
-________________________________________________________?
- Үлкен бір қабатты қызыл үй.
Сөйлеу үлгілерін қолданып сұхбат құрастырыңыз.☺
Сөйлеу үлгілері:* * *
- Айтыңызшы, драма театры қай жерде орналасқан?
- А.П.Чехов атындағы драма театры «Астана» көшесінде орналасқан.
- Театр алыс па?
- Бірталай жер.
- Нешінші автобуспен баруға болады?
- Нөмір 60 автобуспен баруға болады.
- Қай аялдамадан шығу керек?
- "Бота" дүкені аялдамасынан түсесіз де, көшенің екінші жағына өтесіз. Саябақтың ішімен тура жүрсеңіз театрды көресіз.
- Көп рахмет.
* * *
- Кешіріңіз, мен "Заңғар" сауда үйін таба алмай жүрмін. Қай бағытқа қарай жүру керек?
- Осы көшенің бойымен тура жүресіз де оңға бұрыласыз. "Заңғар " сауда үйі Қазақстан көшесі мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысында орналасқан, Орталық базардың жанында.
- Рахмет, енді табармын.
** *
-Айтыңызшы, жақын маңда сағат жөндеу шеберханасы бар ма?
- Бар. Мына Тұрмыстық қызмет көрсету үйінің ішінде, бірінші қабатта.
- Өте жақсы, рахмет.
* * *
- Сәлеметсіз бе, студенттер қалашығына қалай жетуге болады? Осы жерден алыс па?
- Онша алыс емес, жаяу баруыңызға болады. Бейбітшілік көшесінің бойымен тура жүре берсеңіз, оң жақта трамвай аядамасы бар. Аялдаманың аржағында студенттер қалашығы орналасқан.
☺
Сұхбатты ары қарай жалғастырыңыз- Алло, Әлішер! Кешіріңіз, мен адасып жүрмін. Орталық байланыс үйіне қалай жетуге болады?
- Сіз қай жерде тұрсыз?
- Мен МАИ-дың қасындамын.
- Сіз қазір Тәуелсіздік даңғылына жаяу шығып, орталық базар бағытына жүретін кез-келген автобусқа отырыңыз.
-____________________________________________ ...
☺
Сұхбатты аяқтаңыз. "Пойызбен жол жүру" тақырыбына жолдасыңызбен сөйлесіңіз.- Сіз оқу жағдайыңызға байланысты сапар шегесіз бе?
- _______________________________________.
- Өткен жолы пойызбен қайда бардыңыз?
- ________________________________________.
- Жүрдек пойызға міндіңіз бе?
-_____________________________________.
- Қай бекеттен түстіңіз?
-_______________________________________.
- Сіз пойызға кешігіп қалған жоқсыз ба?
-________________________________________.
- Билетті алдын-ала алдыңыз ба?
-__________________________________________.
- Сізді кім шығарып салды, кім қарсы алды?
-________________________________________.
- Неше сағат жүрдіңіз?
-___________________________________________.
- Сапарыңыз сәтті болды ма?
-_____________________________________________.