Павлодар мұнай өңдеу зауыты
Павлодар мұнай өңдеу зауыты 1978 жылы алғашқы өнімін берген болатын. Зауыт шығаратын өнім түрлері – мазут, бензин, дизельдік отын, сұйытылған газдар. Зауыттың қуаты – жылына 7,5 млн. тонна шикі мұнай. Кәсіпорын қазіргі заманғы жабдықпен жарақталған, мұнда мазутты тереңдете қайта өңдеу жөніндегі аса күрделі технологиялық кешен құрастырылған. Жаңа технологияларды пайдалану экологиялық жағынан таза, қорғасынсыз бензин мен құрамында күкірті аз дизельді отын өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зауыт керосин, пешке жағатын отын шығарады.
Екібастұз қаласы
Екібастұз жүз мыңнан астам халқы бар қазіргі заманғы өнеркәсіптік қала. Ол 1957 жылы құрылған. Оны әлемге белгілі еткен орасан зор көмір қоры болды. «Гиннестің рекордтар кітабына» енгізілген осындағы Богатырь кенішінің дүние жүзі бойынша теңдесі жоқ. Онда жұмыс істейтін роторлы экскаваторлар сағатына бес мың тоннаға дейін көмір қазып шығара алады. Екібастұздың көмірі тек Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге көрші Ресейдің де ондаған жерлеріне жөнелтіледі.
Көмір кеніштері
Жері байдың– елі бай
Ақсудың өндіріс ошақтары
- «Қазхром» ААҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауыты не өндіреді?
/Ақсу ферроқорытпалар зауыты хромды, кремнийлі және марганец қорытпаларды өндіреді/.
Зауыт өнімі
Алюминий алыбы
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді аяқтаңыз.
* * *
- Сіз қай даңғылда тұрасыз?Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз:
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
--------
Елсіз ер болмайды,
Жұртсыз жігіт болмайды.
( "Қазақтың мақал-мәтелдері" кітабынан).