1.4 АСТАНА - БАС ҚАЛА

Астана— тарихи қала. Астана қоныс тепкен мекеннің негізі 1830 жылы қаланған. Ол киелі Сарыарқа даласында, Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Халқының саны 700 мыңнан асады, 80-нен аса ұлттың өкілдері тұрады. Жер көлемі 96,8 шаршы шақырым. Астана— Қазақстанның елордасы және Ақмола облысының орталығы. Алғашында Ақмола әскери бекінісі атанған елді мекенге 1862 жылы қала мәртебесі берілді. 1960−1962 жылдар аралығында Ақмола қаласы Н.С.Хрущевтің ұсынысымен Целиноград (Тың қала) болып өзгертілді.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, астананы көшіру шешімі қабылданды. 1997 жылы 24-қазанда Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. Қаланың аты жаңаша— Астана деп аталды. 10- маусымда 1998 жылы Астананың салтанатты ашылуы болды. «Астана» сөзінің түп-төркіні «көпшілік жиналатын ая» дегенді білдіреді. Астанада тоқыма, жеңіл және баспа өнеркәсібі өте жақсы дамыған. Көптеген университеттер, институттар, колледждер бар.

Астана— алып құрылыстар қаласы. Қысқа мерзімнің ішінде мұнда Үкімет үйі, «Континенталь» қонақ үйі салынып, орталық көшелер қайта жаңаланды. Еліміздің бас қаласы Астанамыз— XXI ғасырдың ең көрікті, сәулетті, салтанатты қаласына айналмақ…

Қазақ тіліне аударыңыз.

В Казахской советской энциклопедии написано, что "Акмола-сооружение из белого камня, над четырехугольными стенами которого возднигнут купол, напоминающий верхнюю часть юрты или половинку шара. Сверкаюший на солнце купол был виден издалека, что и придавало особую красоту берегам Есиля в течение V-VI вв. Поэтому название Акмола и стало названием того края". (ҚСЭ)


Қосымша тапсырмалар

Тапсырма 1. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз, мағыналарына көңіл аударыңыз.
Дем алу, рұқсат алу, көңіл аудару, мәтін аудару, көмек беру, дауыс беру, қол қою, сұрақ қою, ақша түсу, көзге түсу.
Үлгі: Әсет үстелдегі тамақтан ауыз тиді. Оның жұмысы көп болғандықтан, концерт көруге қолы тимеді.

Тапсырма 2. Тиісті септік жалғауларын қойып, сөйлемдерді аяқтаңыз.
Қайныш жолдастары... оқу залы ... бара жатыр. Менің құрбым көркемөнерпаздар үйірмесі... қатысады. Қарлығаш... қазақ драма театры... барғысы келеді. Студенттер емтихан... дайындалып жатыр. Қуат пен Меруерт түс... кейін " Алтай" стадионы... коньки тебуге барады. Мен сіз... тыңдап отырмын.
Сәкен ағылшын тілі... үйреніп жүр. Сіздер өнер мұражайы... болдыңыздар ма? Дәурен, әжең... хат жаздың ба? Жеті... он бес минут қалғанда мейрамхана... алды... кездесейік.

Тапсырма 3. Қалауыңыз бойынша тақырыптың бірін таңдап, шағын мәтін құрастырыңыз.
Қазақстанның бұрынғы астаналары.
ҚР-сының тұңғыш Президенті.
ҚР-сының тұңғыш ғарышкері.
ҚР-сы рәміздерінің авторлары.
Қазақстанның табиғаты.
Қазақстанның өнер қайраткерлері.

Қазақстанның спорт шеберлері.

  • Сұрақтарға жауап беріңіз.
  1. Қазақстанның ел ордасы қай қала?
  2. Астананың негізі қай жылы қаланған?
  3. Ол қазақтың қандай киелі даласында орналасқан?
  4. Халқының саны қанша?
  5. Қандай ұлт өкілдері тұрады?
  6. 1832-1960 жылдар аралығында қала қалай аталды?
  7. Қаланың салтанатты ашылуы қашан болды?
  8. "Астана" сөзі нені білдіреді? 
  9. Астанада қандай өнеркәсіптер дамыған?
  10. Астана неге алып кұрылыстар қаласы деп аталады?
  11. Астана болашақта қандай қала  болады деп ойлайсыз?
  • 1-тапсырма. Қаланың Ақмола  аталуы туралы сіз тағы қандай мәліметтерді білесіз?

  • 2-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданып,
"Астана қаласына саяхат" атты тақырыпта жолдасыңызбен сұхбаттасыңыз.
Бас қала, қазіргі  заманның қаласы, жасыл, қаланың бас көшесі, кең, биік ғимараттар, ұлттық өрнектермен көркемделген, орталық алаң ,ескерткіш, «Бейбітшілік және Келісім» сарайы, музыкалы бұрқақ, «Қазақ елі» монументі, министрліктер, т.б.

  • 3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
  1. Сіз тұратын қала қалай аталады, ол еліміздің қай бөлігінде орналасқан?
  2. Өзіңіз тұратын қаланың тарихын білесіз бе?
  3. Қалада сізге ұнайтын жерлер бар ма?
  4. Қала халқының саны қанша?
  5. Қаланың көрікті орындары туралы айтып беріңіз.
  6. Еліміздің басқа қандай қалаларыңда болдыңыздар?Алған әсерлеріңізді әңгімелеңіз.
 Сөзжұмбақ «Астана»
Берілген сөздерді қазақ тіліне аударып, бос торларды толтырыңыз.
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website