1.3 ҚАЗАҚ ТІЛІ - МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ

4 - бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
Мемлекеттік тіл —мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын басқару, заң шығару, сот ісін жургізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

Қазақстан Республикасының Конституциясынан

♫Өлеңді мәнерлеп оқыңыз.

🕮Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Туыстас тілдер тармағы

Түркі тілінің  түп тамыры көне дәуірден нәр алады. Олар: хазар, бұлғар, ғұн, көк түрік, сақ, авар. Бұлар көне түркі тілдеріне жатады. Оның тармақтары: оғыз, қыпшақ, аралық топ, қарлұқ тобы. Бұған чуваш пен якут тілдері жеке тіл болып кіреді.
Оғыз тобына балқан түріктері, ғағауз, түркімен, түрік, әзербайжан тілдері кірсе, қыпшақ бұтағына қырым, қырым татарлары, қарашай-балқар, қарайым, құмық, қарақалпақ, қазақ, башқұрт, татар тілдері жатады.
Аралық топты қырғыз, алтай, хакас, шор, сары ұйғыр, тува, ал қарлұқ тобын ұйғыр, өзбек тілдері құрайды.

(Қазақ календарынан).

Тілдер туралы мағлұмат

Дүние жүзінде бес жарым мыңдай тіл бар деседі. Тілдердің саны бұдан көп болуы да, сәл аз болуы да мүмкін. Сондықтан дүниеде қанша тіл бар дегенді әзірше дәл айту қиын. Өйткені Африканы, Азияны, Американы, Австралия мен Океанияны мекендеуші толып жатқан жергілікті халық тілі әлі де жете зерттелген жоқ.  Жер шарында көптеген мемлекет бар. Әрбір мемлекет ішінде неше түрлі халық болуы мүмкін.
Тіл саны мемлекет халқының аз-көптігіне де байланысты емес. Мысалы, Жаңа Гвинеяның екі миллиондай ғана адамы бар. Олар төрт жүзге тарта тілде сөйлейді. Бұл елде бір ауыл тұрғындары екінші бір көрші ауыл тұрғындарының тілін шала-шарпы ғана түсінеді де, деревня аралары қашықтаған сайын бір-бірінің тілін мүлдем түсінбейтін көрінеді.

Біздің Республиканың негізгі халқының тілі — қазақ тілі. Қазақстанда сонымен бірге орыс, украин, неміс, ұйғыр, татар, дұнған, карачай, балқар, өзбек, чуваш, цыған, тәжік және тағы басқа тілдерде сөйлейтін халықтар бар.


Тілден артық қазына жоқ,
Тілден артық қасиет жоқ.

Н. Назарбаев

Тіл мен сөз— көңілдің айнасы.

Ж. Баласағұн

Өз тілің — өскен өркенің .
Ананың берген ақ сүті,
Мақтаның ұлттық ол сенің.

А.Тоқмағанбетов

Тіл жоқ жерде ұлт жоқ.

Ш. Айтматов

Туған тілім — тіршілігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

Ә.Тәжібаев

  • 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
  1. Өлеңде не туралы айтылған?
  2. Өлеңнің 1-2 жолдарын қалай түсінесіз?
  3. Тіл туралы тағы қай ақынның өлеңін білесіз?
  4. Қос тіл - қос қанатың" дегенді калай түсінесіз?
  5. Тіл туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіз?
  • 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Түркі тілдер тобына қандай тілдер жатады?
Чуваш және якут тілдері қай тілдер тобына жатады?
Оғыз тобына қаңдай тілдер жатады?
Қыпшақ тобына қандай тілдер жатады?
  • 2-тапсырма. Суретке қарап тілдердің түп тамыры қайдан шыққаны жайында айтыңыз.

  • 3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақстандағы мемлекеттік тіл қай тіл?
Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?
Біздің республикамыздан басқа тағы қай жерлерде қазақ тілінде сөйлейді?
  • Нақыл сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.
  • "Қазақтың мақал-мәтелдері" кітабынан тіл туралы 5 мақал-мәтел жазыңыз, мазмұнын түсіндіріңіз.
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website