1.1 ТУҒАН ЖЕРІМ МЕНІҢ – ҚАЗАҚСТАНЫМ

16 желтоқсан 1991 жыл еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылды. Қазақстан республикасы бұл күні тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзілік қауымдастықтан өз орнын алды.
Өлеңді мәнерлеп оқыңыз.
ҚАЗАҚСТАН КАРТАСЫ
Алматы — абат астаналық облыс.
Ақтөбе — өлке, ақ тарысы — мол ырыс.
Атырау — мол Қазақстан мұнайы.
Жамбыл — жайлау қазыналы, шұрайлы.
Жезқазған — кең, бұзылмаған қаймағы.
Көкшетау — көп көгілдір көл аймағы.
Қарағанды — қара алтынның қоймасы.
Қостанай — құт, қызыл бидай қамбасы.
Қызылорда — күрішті Сыр сағасы.
Орал — көне Ақ Жайықтың жағасы.
Өскемен — ер, шығыста Алтай аясы.
Павлодар — Қара Ертістің саясы.
Петропавл — солтүстігім орманды.
Семей — аңыз, Шыңғыстаудай қорғаны.
Талдықорған — жер жаннаты, көп бағы.
Ақмола — Арқада астық алқабы.
Шымкент — ыстық оңтүстігім мақталы.
Е.Өтетілеуов
Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңыз.

Елім менің

Сөзін жазған: Н.Назарбаев

Әнін жазған: Б.Тілеухан


Арайлап таңым, асқақтап тауым,

Ән ойнап көгім, күй тартып көлім.

Қол жетті міне, аңсаған күнге,

Жасай бер, жаса, қазағым менің!

Қазақстаным-жасыл орманым,

Қуанышымды жасыра алмадым.

Аңсаған бабам, аңсаған елім,

Бостандық еді- ау, асыл арманым.

Қайырмасы:

Елім менің аңсаған,

Тас бұғаудан босаған.

Құтты болсын отауың,

Берік болсын босағаң.

Бабамньң қаны, анамның жасы,

Сіңірген бұл далам, қымбатсың маған.

Береке, бірлік - қамалдың басы,

Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам!

Күйінсін жауың, сүйінсін досың,

Жиылсын қауым, құйылсын көшің.

Ертеңің үшін аянба, ерім,

Ояншы, елім, жиылсын есің!

Қайырмасы:

Ұрпақ үшін ел үшін,

Атамекен жер үшін.

Берекең мен бірлігің,

Таси берсін ырысың.

  • Өлеңнің мазмұнын қысқаша әңгімелеңіз.
  • Отан, туған ел туралы қандай өлеңдерді жатқа білесіз?
Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

Біздің Республикамыз

Менің Отаным - Қазақстан. Бұл ел Еуразияның орталығында орналасқан. Қазақстан - таңғаларлық әдемі ел.   Мұнда ұлы Іле Алатауы, Ертіс, Сырдария, Амудария өзендері және шетсіз-шексіз дала жатыр. Қазақстан республикасы  солтүстігінде  Ресеймен, оңтүстігінде Өзбекстан,Қырғызстан және Түркіменстанмен шектеседі. Республика шығысында Қытай мемлекетімен, ал батысында Каспий теңізімен шектеседі. Жер көлемі 2,7 млн. шаршы шақырым. Халқының саны 15 млн. асады.
Қазақстан - әр түрлі халық өкілдері бейбіт тұрып жатқан ел. Еліміздің ұлан-байтақ даласында есепсіз байлық бар, бұл сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер. Қазақстан жері пайдалы қазбаларға өте бай. Олар: темір рудасы, түсті және асыл металдар (мыс, қорғасын, калайы, күміс, алтын, көмір, мұнай, фосфориттер және т.б.). Осыларды игеру барысында жаңа қалалар: Арқалық, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Қаратау, Теміртау, Ақтау пайда болды.
Қазақтар бұрын көшпенді ел болып, мал шаруашылығымен айналысқан. Бүгінгі Қазақстан ауыр индустриясы мен ауыл шаруашылығы дамыған, жоғары мәдениетті де білімді елге айналды.
Қазақстан -  егеменді, тәуелсіз мемлекет. 1991 жылы 1-желтоқсанда Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып сайланды. Саяси тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан президенттік жүйемен басқарылатын демократиялық республикаға айналды. Қазақстанның елордасы - Астана қаласы.

Ø 1-тапсырма. Берілген сұрақтар бойынша мәтінді толықтырыңыз.
  • Қазақстан қай жерде орналасқан?
  • Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?
  • Қазақстанда қандай өзен-көлдер бар?
  • Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
  • Қазақстан жерінде неліктен Менделеевтің периодтық, жүйесіндегі элементтердің барлығы бар деп айтамыз?
  • Қазақстан қалаларын атаңыз, өзіңіз тұратын немесе өзіңізге ұнайтын қала туралы әңгімелеп беріңіз.
Ø 2-тапсырма. Төмендегі сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз және олармен сөйлем құрастырыңыз.
Антонимдер: Терең, сирек, құрғақ.
Синонимдер: Халық, әдемі, қалың.
Ø 3-тапсырма. Жақша ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударып, сөйлемдерді аяқтаңыз.
Республиканың оңтүстік аудандарында (рис, хлопок, виноград, дыня) өсіріледі. Республиканың солтүстігінде (пшеница, овощи) жақсы өседі. Ертіс өңірінің қарағайлы орманы мен шөл даласында ( олень, волк, кабан, бурый медведь, газель) кездестіруге болады. Қазақстанды әр түрлі кұстар (скворец, жаворонок, журавль, летучая мышь, ворона, сорока, голубь) мекендейді. Сонымен қатар Қазақстанда көптеген (лечебные травы и растения) өседі.
Ø 4-тапсырма. Сіздің тұрған жеріңізді мекендейтін аңдар, құстар
туралы әңгіме құрастырыңыз.
Ø 5-тапсырма. Шетелден келген қонаққа Қазақстан туралы айтып беріңіз.
Ø6-тапсырма. "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.
Ø 7-тапсырма. "Қазақстан" тақырыбына сөзжұмбақ құрастырыңыз.
Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз, мазмұнын түсіндіріңіз.
  • Отан - елдің анасы
Ел — ердің анасы.
  • Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
  • Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
  • Ел іші — алтын бесік.
  • Туған жердің ауасы да шипа.
  • Туған жердің қадірін,
Шетте жүрсең білерсің.

("Қазақтың мақал-мәтелдері " кітабынан).

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!

Теңге, күміс, тиын, ақша, бейне, алтын түсті, ұлттық ақша, ұсақ, майда, қорғаныс белгілері

Мәтінді оқыңыз, сұрақ қойыңыз, мәтінді толықтырыңыз.
Әрбір дербес мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілерінің бірі - ұлттық ақша. Мысалы: Қырғызстандікі - сом, Ресей Федерациясынікі - рубль, Үндістандікі - үнді рупиясы. Қазақстан да тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін өз ақшасын шығаруды қолға алды. Сөйтіп, 1993 жылдың қараша айынан бастап өз теңгеміз айналымға енгізілді.
"Теңге" сөзі орысша "деньги" сөзіне ұқсайды. "Деньги" деген сөз түркі сөзі "теңгеден" шыкқан. Ерте заманда түркілерде көлемі үлкен күмістен жасалған ақша болған. Оны "теңге" деп атаған. Оның бағасы 100 тиін терісіне сай келген.
"Теңге" осынша үлкен болғандықтан оны бірнеше бөлікке бөліп шапқан. Осыдан "шабу" сөзін "рубить" деп аударған. «Рубить» сөзінен «рубль» пайда болған. Ал біздің ұлттық теңгеміз - «деньги» болып кетті. «Тиін» сөзі «тиын» болды.
1993 жылы айналымға енгізілген теңгеміздің ерекшелігі - мықты, тез тозбайтын қағаздан, арнайы тапсырыс арқылы шетелде дайындалды және жалған ақшаға қарсы он алтыдан аса қорғаныс белгісі көрсетілген. Теңгенің шеттері қазақтың ою-өрнектерімен нақышталған, халқымыздың салт-дәстүрін бейнелейтін суреттер көрсетілген. Бірінші бетіне қазақ халқының кейбір ұлы тұлғаларының бейнелері басылған. Екінші беті ою-өрнек, табиғат көріністері және елтаңбамызбен безендірілген.

(Қазақ календарынан).

2006 жылы айналымға енгізілген ұлттық ақша туралы досыңызбен сұхбаттасыңыз.
Ø 1-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.
У каждого самостоятельного государства имеется своя национальная валюта. На купюре в достоинстве 500 тенге изображен великий мыслитель, философ, ученый, энциклопедист Аль-Фараби. Национальная валюта РК была выпущена в Великобритании на фирме "Харриссон".
Ø 2-тапсырма. Суреттерде кімдер бейнеленген? Олар жайлы әңгімелеп беріңіз.
  • Неге «Ұлттық ақша ел тағдыры, ел байлығы", - деп айтылады?
  • 3-тапсырма. Басқа елдердің ақша бірліктері туралы әңгімелеңіз.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
  • Қазақстан Республикасында неше облыс бар?
  • Облыс орталықтарын атаңыз, өлеңнен осы аталған қалалар туралы жазылған шумақтарды тауып оқыңыз.
  • Түсті металлургия орталығы деп қай қаланы атайды?
  • Өзіңіз тұратын облыс туралы әңгімелеп беріңіз.
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website