1- нұсқа
1-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі сан есімдерге сұрақ қойыңыз. 1.
Мәтіндегі сан есімдерді цифрмен жазыңыз.1. Қаныш Сәтбаев бір мың сегіз жүз тоқсан тоғызыншы жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. 2. Күршім ауданында елу мыңнан астам адам тұрады. 3. Академик-ғалым Ә.Қайдаровтың бүгінгі күн талабына сай жарық көрген он жеті томдық терминологиялық сөздігі таптырмайтын құрал болып саналады. 4. Бесеуі де студенттер жатақханасында тұрады. 5. Сіздер мына қаламды бес-бестен бөліп алыңыздар. 6. Үш бүтін онннан екіге алты бүтін оннан жетіні қосса, қанша болады? 7. Пойыз түнгі сағат он екіде келеді. 8. Отызды үшке бөлсе, қанша болады? 9. Марқакөл көліне жиырма жеті өзен құяды, көлдің тереңдігі жиырма жеті метр, аумағы жеті жүз жиырма екі шаршы метр, бір мың тоғыз жүз жетпіс алтыншы жылдан бастап бұл аймақ "Марқакөл қорығы" деп аталады. 10. Көлдің негізгі байлығы - "майқан "деп аталатын қызыл балықтың салмағы үш-сегіз кг болады. 11. Рахман қайнары теңіз деңгейінен бір бүтін оннан жеті шақырымдай биіктікте орналасқан.
2-
тапсырма. Дұрыс сөйлем құрастырыңыз.1.Кенді, туған, Алтай, өлкесі, жерім. 2. Ахмет Байтұрсынов, аударды, атты, "Қырық мысал" шығармасын, Крыловтың. 3. Өзен, Ертіс-, тауынан, Алтай, басталатын. 4. Қаласында, М.Әуезов, Семей, дәріс, 1914 -1919 жылдары алған. 5. Студенттер, сенбі, қатысты, жарысқа, облыстық, күні, болған, қазақша күрестен. 6. Болса, күн, мен, ашық, барамын, өнер, құрбыларыммен, мұражайына. 7. Сіңлісі, гүл, оның, жақсы, өсіруді, көреді. 8. Уақытты, бос, өткізесің, сен, қалай?
3-тапсырма. Төменде берілген сөз, сөз тіркестерін пайдаланып, 5 сұраулы сөйлем құрастырыңыз.Демалыс күні, тамақ пісіру, ерте тұру, кеш жату, өйткені, сондықтан, сурет салу, бірақ, қарсы алу, жүзу, көмектесу, үй жинау.
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңыз. 1.
... сағат алтыда. 2. ... сағат бір жарымда. 3. Жетіге он бес минут ... . 4.Үштен жиырма минут ... . 5. ... сағат сегіз жарымда.
Керекті сөздер: түскі, қалғанда, кешкі, таңғы, кеткенде.
5-тапсырма. Мақал - мәтелдерді аяқтаңыз. - Еріншектің ісі - ...
- Денсаулық -... ... .
- Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, ... ... .
- Тазалық - саулық негізі, Саулық - ... ... .
(«Қазақтың мақал- мәтелдері» кітабынан).
2- нұсқа
1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді қойыңыз. 1. Шығыс Қазақстан облысында әдемі, ... жерлер көп. 2. Байкал - дүние жүзіндегі ... көл. 3. Сізге жолдасыңыз ... сырға сыйлады ма? 4. Қызылшаның бағасы сәбіздің бағасынан ... . 5. Мына алма ... екен. 6. ... түсті көйлек сізге жарасады екен. 7. Құрбыңыздың бұрымы ... ба? 8. Қыста ... аяз, жазда ... , күзде ... күндер жиі болады. 9. Оңтүстіктен ... жел соғып тұр. 10. Әсет Алматыға ... пойызбен барды.
Керекті сөздер: ең терең, қымбатырақ, көрікті, қызыл, қышқыл, аяз, ұзын, ыстық, жүрдек, салқын, самал.
2-
тапсырма. Берілген етістіктерден күрделі етістік жасаңыз, сөйлем құрастырыңыз. Тыңдау, салу, жазу, қағу, беру, секіру.
3-
тапсырма. Дұрыс сөйлем құрастырыңыз.1. Біз, барамыз, Алматыға, жазғытұрым. 2. Түркияға, екінші, рет, барады, Назым. 3. Жаңбыр, шығар, жауатын, ертең. 4. Жақсы, Анар, тартады, домбыраны. 5. Сіз, екенсіз, ақкөңіл, адам, сияқты, мен. 6. Алу, керек, осы, әрине, киімді, аяқ. 7. Келуге, пойыз, тиіс, уақытында. 8. Көрдім, мен, көзіммен, оны, өз.
4-
тапсырма. Есімдіктерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.1. Үйге біреу келді. 2. Ешкім ештеңе көрмепті. 3. Ол өзі кінәлі. 4. Ыстықкөлге демалуға кімдер бардыңдар? 5. Жолдасыңыз туған күн кешіне кімдерді шақырды? 6. Бұл күнде облыс орталықтарының бәрінде драма театрлары ашылды. 7. Дайындыққа барлық студенттер келді. 8. Кешіріңіз, сізден сұрауға бола ма? 9. Тамақты өзің дайындадың ба? 10. Демалыс күні ешқайда барған жоқпын.
5-
тапсырма. Мақал-мәтелдерді аяқтаңыз. - Екеу болсаң, бір-біріңмен кеңес, ... ... ... .
- Ақшада ... жоқ.
- Ет -етке, сорпа - ... .
- Ағасы бардың жағасы бар, ... ...... ... .
(«Қазақтың мақал- мәтелдері» кітабынан).