1-
тапсырма. Мына сөздерге сын есімнің тиісті жұрнақтарын жалғап, сөйлем құрастырыңыз.Жауын-шашын, түн, ай, қазір, кеш, күз,қыс.
2-
тапсырма. Берілген сөздердің антонимдерін жазыңыз.Мұртты, көзілдірікті, сыпайы, жалқау, қорқақ, сараң, жауапты, қатал, жұмсақ, егде.
3-
тапсырма. Төменде берілген фразеологизмдерді бір сөзбен қалай айтуға болады ?Бір күн бие, бір күн түйе -
Қой аузынан, шөп алмас -
Сегіз қырлы, бір сырлы -
4-
тапсырма. Қалауыңыз бойынша жағдаяттардың бірін таңдап, сұхбат құрастырыңыз.- Сіз мейрамханада бір қызбен таныстыңыз. Қыз өте биязы, мейірімді болып көрінді.
- Сізге досыңызды суреттеп шығарма жазу керек, ал сіз қазақ тілін жаңа үйреніп жүрсіз.
- Пойызда танысқан жігіт әріптесіңіз болып шықты және де ол сіздің құрбыңызды таниды екен.
- Туған күнде болған қыздардың бірін танисыз, бірақ атын ұмытып қалыпсыз. Туған күн иесінен қыздың сырт пішінін сипаттап, атын сұрап біліңіз.