1 - нұсқа
1. Берілген сөздерді жекеше және көпше түрде жіктеңіз. Мүсінші, аудармашы, қаржыгер.
2. Етістіктерді ауыспалы осы шаққа қойып сөйлем құрастырыңыз.Қыдыру, қарсы алу, үйді жинау, телефон соғу, тамақ әкелу, кітап оқу.
3. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді аяқтаңыз.1. Мен тойға әдемі, жаңа үлгімен тігілген көйлек ... .... . 2. "Заңғар"... ... қай жерде орналасқан? 3. Ұлжан ертең баяндама ... . 4. Менің театрға ... ... . 5. ... , жылдың ең жақсы мезгілі - қыс. 6. Таңертең қар жауады, жел ... . 7. Зәуре дүкеннен азық-түлік ... ... . 8. Маржан, Сымбат сені мұражайдың қасында ... .... . 9. Бүкіл қаланы аралап шығу үшін көп ... керек.
Керекті сөздер: соғады, сауда үйі, іздеп жүрмін, әкеле жатыр, жасайды, уақыт, меніңше, барғым келеді, күтіп тұр.
4. Қарамен жазылған сөздердің қай септікте тұрғанын белгілеңіз.1. Шоқан
әжесінің бауырында өсті. 2. Қазақтың ұлы жазушысы М. Әуезов "Абай жолы"
эпопеясын ақын өміріне арнады.
3.
Қағазды біздің
заманымыздың бірінші
ғасырында қытайлықтар ойлап тапты. 4. Ине
ағаштан,
сүйектен,
қоладан, содан соң
темірден істелген. 5. ХІХ ғасырдың ортасында осы күнгі
қолшатырды енгізгені үшін ағылшын
Г.Фокске патент берілген. 6. Мақпал
Қуанышпен Ертіс
өзенінің жағасында қыдырып жүр. 7. Олжас базарға жеміс-жидек
алуға кетті. 8. Бүгін жиналысқа
барудың қажеті жоқ, өйткені келесі аптаға ауыстырды. 9. Оңал өзінің
туған күнін достарымен "Жайлау" дәмханасында өткізді. 10. "Алтай"
стадионынан келе жатырсыз ба?
5. Мақал-мәтелдерді аяқтаңыз және өзіңіз оқу-білім туралы 5 мақал-мәтел жазыңыз.- Ағайын тату болса ат көп , ... ... ... ... ... .
- Отан-елдің анасы, ... .... ....
- Дұшпан күлдіріп айтады,... ... ... .
- Ет- етке, .... .....
(«Қазақтың мақал-мәтелдері» кітабынан).