ҚОСЫМША ТАПСЫРМАЛАР

1-тапсырма. Сөйлем құрастырыңыз.
Оқимын, оқу, жоғары, орнында, мен. Факультетінде, және, математика, техника, оқимын, физика. Құрылғанына, жыл, 10, университеттің, 2001, толды, жылы. Қауымдастығының, мүшесі, университет, біздің, Еуразия.

2-тапсырма. Сөйлемді толықтырыңыз.
Павлодар жастар қаласы, себебі мұнда бірнеше ... бар. Біздің университетте 12000 ... білім алады. Университетте жыл сайын ..., ..., ..., ... өткізіледі. Студенттердің көпшілігі ... жұмыспен айналысады.

3. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді аяқтаңыз.
1. Мен тойға әдемі, жаңа үлгімен тігілген көйлек ... .... 2. "Заңғар"... ... қай жерде орналасқан? 3. Ұлжан ертең баяндама ... . 4. Менің театрға ... ... . 5. ... , жылдың ең жақсы мезгілі - қыс. 6. Таңертең қар жауады, жел ... . 7. Зәуре дүкеннен азық-түлік ... ... . 8. Маржан, Сымбат сені мұражайдың қасында ... .... . 9. Бүкіл қаланы аралап шығу үшін көп ... керек.

Керекті сөздер: соғады, сауда үйі, іздеп жүрмін, әкеле жатыр, жасайды, уақыт, меніңше, барғым келеді, күтіп тұр.

4. Қарамен жазылған сөздердің қай септікте тұрғанын белгілеңіз.
1. Шоқан әжесінің бауырында өсті. 2. Қазақтың ұлы жазушысы М. Әуезов "Абай жолы" эпопеясын ақын өміріне арнады. 3. Қағазды біздің заманымыздың бірінші ғасырында қытайлықтар ойлап тапты. 4. Ине ағаштан, сүйектен, қоладан, содан соң темірден істелген. 5. ХІХ ғасырдың ортасында осы күнгі қолшатырды енгізгені үшін ағылшын Г.Фокске патент берілген. 6. Мақпал Қуанышпен Ертіс өзенінің жағасында қыдырып жүр. 7. Олжас базарға жеміс-жидек алуға  кетті. 8. Бүгін жиналысқа барудың қажеті жоқ, өйткені келесі аптаға ауыстырды. 9. Оңал өзінің туған күнін достарымен "Жайлау" дәмханасында өткізді. 10. "Алтай" стадионынан келе жатырсыз ба?

5. Мақал-мәтелдерді аяқтаңыз және өзіңіз  оқу-білім туралы 5 мақал-мәтел жазыңыз.
Ағайын тату болса ат көп , ... ... ... ... ... .
Отан-елдің анасы, ... .... ....
Дұшпан күлдіріп айтады, ... ... ... .
Ет- етке, .... .....

(«Қазақтың мақал-мәтелдері» кітабынан).

ҚОСЫМША ТАПСЫРМАЛАР

1. Берілген етістіктерді жедел өткен шаққа қойып, сөйлем құрастырыңыз.
Айту , ішу, тыңдау .
2. Берілген сөздерге жіктік жалғауын жалғаңыз, сөйлем құрастырыңыз.
Бағдарламашы, тігінші, кәсіпкер.
3. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойыңыз.
1. Спорттың қай түрі... шұғылданып жүрсіз? 2. Мейрамгүл жеңгесінің туған күні... алтын сырға сыйлады. 3. Бүрсігүні тауға шаңғы тебу... барамыз. 4. Еркінбек... қыздары ағылшын тілін бала кез... меңгерген еді. 5. Өскемен қаласы... көрікті жерлер көп. 6. Жамбыл саябағы... бару үшін жолдан өту керек. 7. № 44 автобусқа қай аялдама... отыруға болады? 8. Кеше біз өлкетану мұражайы... дейін жаяу бардық. 9. Сіз І.Есенберлиннің "Көшпенділер"романы... оқыдыңыз ба?
4. Етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтаңыз.
1. Бейбіт пен Жанұзақ шахмат ойнап отыр. 2. Сен ұйықтап отырсың ба? 3. Ұлжан өзенге шомылуға бара жатыр. 4. Сіздер Қостанайдан қашан келдіңіздер? 5. Кәрім биыл математика пәнінен жарысқа қатысқан жоқ. 6. Жұмыстан кейін моншаға бармақпыз. 7. Менің сағатымды әлі жөндемепті. 8. Қырмызы Жаңа Жыл мейрамына көйлек тіккізбекші. 9. Айзада, сен қысқы емтиханды қалай тапсырдың? 10."Ән мен әнші" бағдарламасы сізге ұнай ма?
5. Мақал - мәтелдерді аяқтаңыз. Оқу-білім туралы 5 мақал-мәтел жазыңыз.
Ас адамның ... .
Еңбектің наны тәтті,... .... .... .
Туған жердің қадірін, … .... .... .
Көп сөз – күміс, ... .... .... .

(«Қазақтың мақал-мәтелдері» кітабынан).

ҚОСЫМША ТАПСЫРМАЛАР

3-тапсырма. Мына сөздерді жатыс септігіне қойып, сөйлем құрастырыңыз.
Ғылыми Кеңес, оқу залы, кітапхана, жатақхана, университеттің қасы (маңы), кітапхананың іші, дәрісхана, баспахана, қабылдау.
4-тапсырма. Тиісті етістікті қойып, сөйлемді аяқтаңыз.
Университет әкімшілігі бас ғимараттың екінші қабатында (жатыр, орналасқан). Университет баспаханасы студенттерге қажетті оқу құралдарын, оқытушылардың ғылыми еңбектерін баспадан (шығарады, жазады). Біздің университет жоғары білімді заң, экономика, информатика, тарих мамандарын (даярлайды, жібереді). ПМУ-да информатика орталығы бас ғимаратта (орналасқан, көрсетілген). Бірінші ғимаратта тарихи мұражай (бар, тұр).
5-тапсырма. Берілген етістіктерді ауыспалы осы шаққа қоя отырып, сөйлем құрастырыңыз.
Тапсыру, дайындау, өткізу, жаздырып алу, шұғылдану, тексеру, жазу, тыңдау, беру, көру, жаттау, үйрену.
6-тапсырма. Сөз, сөз тіркестерін пайдаланып, шағын мәтін құрастырыңыз.
Семей қаласы, мұғалімдерді даярлау, А.Н.Трунов атындағы денсаулық орталығы, көпсалалы колледж, алғашқы директор, ҚР-сының тұңғыш Президенті атындағы жоғары инновациялық білім беру орталығы, В.И.Петров атындағы Қазақстан тарихы әдістемелік кабинеті, ректор, 1952 жыл, Бажов көшесі, "Имидж" газеті, мерейтой, бас ғимарат, 1991 жыл, құрылды, ашылды, жатақхана, Шығыс өңірі, университет, 2003 жыл, С.Аманжолов-түркітанушы, баспахана, ескерткіш, мамандық түрлері, оқу залы, кітапхана, мұражай, 2007 жыл.
Жағдаяттар бойынша сұхбат құрастырыңыз.
  • Сіз талапкерсіз. Университеттің қабылдау коммиссиясынан мамандық түрлері туралы сұрап біліңіз.
  • Басқа қаладан келген досыңызды/құрбыңызды  университет мұражайымен таныстырыңыз.
  • Сіз басқа оқу орнынан ауысып келдіңіз, ПМУ туралы топтастарыңыздан сұрап, біліңіз.

This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website