ҚОСЫМША ТАПСЫРМАЛАР

1-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз. Сөйлем құрастырыңыз.
На востоке города, на западе города, на севере, возле дома, в центре города.
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына жатыс септігінің жалғауларын жалғаңыз.
Мен қала... тұрамын. Сен ауыл... тұрасың. Біз Арқалық... тұрамыз. Сендер бөлме... отырсыңдар. Олар азық-түлік дүкені... жүр. Олар Көкшетау қаласы... тұрады. Сіз Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университет... оқисыз. Мен "Заңғар" сауда үйі... болдым.
3-тапсырма. Бағыт атауларын есте сақтаңыз, сөйлем құрастырыңыз.
Оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, оң жақта, сол жақта, оңға бұрыласыз, солға бұрыласыз, алға жүресіз.
4-тапсырма. Төмендегі сөздерді жатыс септігіне қойып, сөйлем
құрастырыңыз.
Кітапхана, шаштараз, зауыт, оқу залы, әмбебап дүкені, мұражай, саябақ.
5-тапсырма. Жай сөйлемдерден сұраулы сөйлем жасаңыз.
Әбілхан Қастеев Талдықорған облысының Жаркент ауданында туған. Павлодар қаласында Ж.Аймауытов атындағы облыстық драма театры бар. Бүгін біз өлкетану мұражайына барамыз. Павлодар қаласы солтүстік-шығыста орналасқан.
6-тапсырма.Сөйлемді аяқтаңыз.
Бүгін мен театрға (бару). Менің нағашым Қазмырыш зауытында (жұмыс істеу). Ботагөз келесі айда Астана қаласында өтетін "Әнші балапан" байқауына (бару). Павлодар қаласында 7-8 желтоқсанда республикалық ақындар айтысы (болу).
7-тапсырма. Сөйлемдердегі көмекші есімдерді табыңыз.
"Әсем" тұрмыстық қызмет керсету үйі орталық базардың қасында орналасқан. "Әйгерім" кафесі көп қабатты үйдің жанында. Орындықтың астында доп жатыр. Мейрам күндері саябақта адам көп жиналады. Үстелдің үстінде компьютер, телефон тұр.
8-тапсырма. Берілген сөздердің антонимдерін табыңыз. 3 сөйлем
құрастырыңыз.
Бару - _____________ көп -_______________ жоғары -_______________ оңтүстік -________________ кең -_________________ биік -_______________
жас -_______________ қымбат -_________ іші -______________________ шығыс -___________________ ұзын -_______________ ақ -__________________
қисық -____________ әкел -_____________ асты -___________________ оң жақ -__________________ күн -_________________ суық -______________
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website