«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің маңыздылығы қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесімен дәйектеледі. Ұсынылып отырған материал орыс тілінде оқытатын білім алушылардың жас ерекшелігін, қазақ тілін меңгерту дәрежесін, сөздік қорын ескере отырып, білім мазмұнына сәйкес бағдарлама
негізінде құрастырылды. Қазақстан Республикасы оқу-ағарту Министрлігінің шешіміне сай әр тақырып білім алушының жас ерекшелігіне қарап басшылыққа алынды. Ұсынылған электронды оқу құралы «Отандық өнеркәсіп өнімі», «Туған жерім», «Ұлттық экологиялық мәдениет», «Павлодардың білім ордасы», «Адамның сырт бейнесі», «Ас- адамның арқауы», «Уақыт-алтыннан қымбат» тарауларынан тұрады. Әрбір тарауда функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмалар, деңгейлік тапсырмалардың түрлері және әр тараудың соңында нәтиже сабақ, тест сауалдары құрастырылған. Электронды оқу құралында білім алушылар үшін лексикалық тақырып бойынша мәтіндер, диалог, монолог түрлері берілген.
Электронды оқу құралының негізгі мақсаты:
- қазақ тілінде сөйлеу, білік дағдыларын қалыптастыру, яғни тілдің қарым - қатынастық қызметін дамыту;
- білім алушыларды отансүйгіштікке, елін құрметтеуге тәрбиелеу;
- қазақ тілінде айтылған, жазылған сөздерді тыңдай білу, түсіну, сөйлесе білу (диалог), ауызша және жазбаша (монолог) - дұрыс оқу, дұрыс жазу, дұрыс айту, дағдыларын меңгерту;
- сөздік қорын байытуда аударма және түсіндірме сөздіктерді пайдалана алу;
- тілдік білім жүйесін танып білу, яғни тілдің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық құрылымын, стилистикалық ерекшеліктерін танып білу.
Білім алушылардың жас ерекшеліктері ескерілген.